Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Қош бол сүйікті – Әліппе»

Астана қаласы №19 орта мектебінде 21 ақпан күні 1 «А» және 1 «Ә» сыныптарында «Қош бол сүйікті – Әліппе» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктің негізгі мақсаты: Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар өздерінің өнерлерін барынша көрсете білді. Әуезді ән шырқалып, мәнерлі өлеңдер оқылды.

Мың бұралған бишілер ұлттық биімізбен кешіміздің сәнін келтіріп, әр ұлттық билерін нақышына келтіре билеген бүлдіршіндердің билері  келген қонақтарды таң қалдырды. Әліппені жақсы меңгерген оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ата-аналарға тарапынан бүлдіршінденге тілектер айтылып, алғыс білдірілді. Өткізілген іс-шара келген қонақтар мен оқушылар үшін де көңілдерінде ұзақ сақталардай өте қызықты өтті.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
1

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0