Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Бизнесмен Серикбай Бисекеевпен Астана қаласы колледждері студенттерімен кездесуі

2014 жылдың 23 қаңтарында Астана қаласының кәсіпкерлер Палатасының бастамасы бойынша Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесе отырып, кәсіптік техникалық колледж базасында кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша жоба шегінде, жастар арасында, «Arman Holding» президенті және компания тобының негізін қалаушы, Ұлыбританияның әлемдегі ең ірі аудитор-консалдингтік «Ernst&Yong» компаниясының болжамы бойынша Ресейдегі «2012 жыл-Кәсіпкері», Серикбай Бисекеевпен кездесу ұйымдастырылды.
Бұл жоба жастардың өзін кәсіби анықтауына ықпал ету, мақсатқа бағытталған жұмысты бірлесе ұйымдастыру жолымен, кәсіптік қызмет салалары туралы ақпаратқа рұқсат алуға, сонымен бірге жастардың өзін жүзеге асыру барысында еңбекке дайын болуын дамыту мақсатында әзірленген. Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасының мақсаттарының бірі, бизнес сұранысын, жаңа кәсіби дүниетанымды тұлға, білікті кадрлармен қанағаттандыру болып табылады. Палатаның міндеті осы мақсатқа жетудің жағдайын жасау, ол үшін барлық жақтардың күшін үйлестіру.
«Arman Holding» Президенті С. Бисекеев Ресей және Қазақстанның іскер- одағының белсенді мүшесі болып есептеледі, қазақстан жастары арасында тәлімгерлікпен айналысады: студенттерге авторлық лекциялар оқиды, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Өзінің іс-тәжірибесімен, ойларымен, толғанушылықтарымен бөліседі, көптеген тақырыптарда: өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру жолдары, тәрбие және әлеуметтік есею, іспен айналысу және азаматтық позиция.
Студенттер еркін жағдайдағы әңгіме барысында іскерлік әлемінен көптеген пайдалы және қызықты ақпараттар алды. Іскердің девизі «Жоспарла, іске кіріс, ұштал!» балаларға жай ғана шындықты түсінуге көмектесті - барлығы сенің қолыңда: Болашақты ойла және жоспарла – ол іске асады, қимылда және қазір оқы - мақсатыңа жетесің, ұштал- сонда өзіңе сенесің.
Жандандырылған әңгіме ауық-ауық енді бастаған кәсіпкерлер үшін тәжірибелі іскердің кәсіби кеңесіне айналды. Кейбір студенттер С. Бисекеевке өздерінің іскерлік-идеяларымен ақыл сұрай келді және өздерінің болашақтағы тәуекелдері мен бизнесті дамыту перспективаларына тиесілі бағаларын алып жатты.
Студенттердің пікірі бойынша, олар өздері үшін өзекті ақпарат алған, олар өздерінің өмірлік қағидаларын қайта қарауға мәжбүр еткендігін, басқаларды тұлғалық даму идеясына итермелегені, ал үшіншілері тиімді істі жүзеге асыруға көңіл бөлетіндіктерін көрсетті.
Кездесу соңында С. Бисекеев, қазіргі қазақстандық жастар мемлекеттік және отандық экономика игілігіне қоғамдық үлес қосатынына сенетіндігін білдірді.
Жас қатынасушылар кездесу аяқталғаннан кейін өз пікірлерімен жандана бөлісті. Өмір позициясымен іскелермен белсенді кездесу ұйымдастыру жобасы бойынша идея көпшілікке ұнады. Балалар кездесулердің осындай форматын ұдайы шара етуге ерік білдірді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0