Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

"Мектепке жол" жалпыреспубликалық акциясы

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы 1 тамызынан 30 қыркүйекке дейін өтеді.

Жаңа 2015-2016 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы басталды. Биылғы шара «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен ұйымдастырылмақ, деп жазады astana.gov.kz сайты. Елордада 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында VIII «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.  Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде қолұшын созу. Сондай-ақ,  әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Іс-шараларға Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, қоғамдық бірлістіктер, Ішкі істер басқармасының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар қоғамдастықтары және тағы басқа ұйымдар атсалыспақ. Акция барысында мынадай шаралар өткізу жоспарлануда: -  әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың бірінші сыныпқа баратын балаларына арналған қайырымдылық іс-шара («Бірінші сыныпқа бірінші рет», «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» және т.б.); -  аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін ірі сауда орталықтарында мектепке қажетті заттарды, оқу құралдарын қабылдауға арналған контейнерлер орнату бойынша «Мейірімді қолдар» акциясы; -  «Отбасынан отбасына» қолдау: «Баланы мектепке дайындаймыз», «Балаларға мейірім сыйла!» қайырымдылық акциялары; -  22, 23 тамыз күндері мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0