Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

20 шілде мереке күні – Халықаралық шахмат күні


Бұл атаулы күн Халықаралық шахмат федерациясының құрылуына орай 1966 жылдан бастап аталып өтеді. Бүгінгі таңда аталмыш ұйымға әлемнің 200-ге жуық елі мүше. Федерацияның өз туы, әнұраны және «Біз барлығымыз бір отбасымыз!» атты ұраны бар.
Ойынның атауы парсы сөздерінен шыққан: шах мат - билеуші қайтыс болды дегенді білдіреді. Шахматтың отаны - Үндістан. Онда V ғасырда шахматтың арғы атасы - чатуранга ойыны пайда болған. Шахмат - 64 тордан тұратын тақтаның үстіне 32 (16 ақ және 16 қара фигура) фигураны орналастыру арқылы ойналатын ойын. Ойынның мақсаты - қарсыласыңның короліне мат қою болып табылады. Әрбір қалада спорттың осы түрін ұнататындарға арналған шахмат клубтары бар. Халықаралық шахмат күнінде бұл клубтарда сайыстар, ойын-сауық шаралары өтеді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение