Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

№ 48 мектеп-лицейі 5 сыныптарының белсенді оқушылары Астана қаласының «Жас саяхатшылар» станциясы ұйымдастырған «Батыр» туристік палаткалық лагеріндегі демалысы

Астана қаласы № 48 мектеп-лицейі 5 сыныптарының белсенді оқушылары Астана қаласының «Жас саяхатшылар» станциясы ұйымдастырған «Батыр» туристік палаткалық лагерінде маусым айының 10 – 22 күндері демалып қайтты. «Бұйратау» Мемлекеттік Ұлттық саябағында орналасқан лагерьде балалар таза ауамен тыныстап, бұлақтың мөлдір суын ішіп, жорықтарда шынығып, суға түсіп, күнге күйіп демалып келді. Лагерьдегі №3 байламды (связка) иеленіп, «Жұлдыздар» тобын құрдық. Топтың басшысы болып Шәкір Әбілмансұр тағайындалды. Балалар ұйымшыл, өнерлі екен, Жұлдыздар десе нағыз «Жұлдыздар» болды. Спорттық-туристік жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Смагулов Расул  ̶  лагердің «үздік футболшысы» атанса, Құдайберген Дулат шахматтан II орынды иеленді. Қыздардан  –  Курбанова Ширин, Қанатова Еркеназ, Асанова Наргиз «Пионербол», «Пресс жасау» т.б. спорттық жарыстарында көзге түсті. «Минута славы» байқауында «Ән айту» номинациясында Шәкір Әбілмансұр мен «Өлең оқу» номинациясында Жанботаұлы Мұхаммед-Мұстафа көзге түсіп финалға өтті. Балалар кешкі «Алауда» (костер) патриоттық әндер шырқап, туристік әндер үйренді.

     Маусым айының 15 – 18 күндер аралығында үш күндік жорыққа шығып 7 км жол жүріп Қарабұлақ өзенінің жағалауында болып, Тілек тауға шығып қайтты. Балалар 3 – 4 күндік тағамдарын, палаткаларын, жатын орындары мен киімдерін және ыдыстарын өздері көтеріп барды. Күн ыстықта ауыр жүкпен жүру өте қиын болды. Бірақ біздің балалар мойыған жоқ, қиындықтарға шыдап шынығып қайтты. Отын жинау, отын жару, от жағу, тамақ жасау, ыдыс жуу, су тасу жұмыстарын өздері жасап үйренді. Осының өзі балаларға қызық болды. Соңғы күні спорттық, туристік жарыстар мен өнерден жүлделі орындар алған оқушылар марапатталып, мақтау қағаздарын иеленді.

    «Бұйратау» Мемлекеттік Ұлттық саябағындағы жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктер түрлерімен танысты. Қайың орманының ішінде құстар әнімен оянып, таңертеңгілік жаттығулар жасап, бұлақтың мөлдір суымен жуынды. Осы 12 күн ішінде балалар есейіп қалғандай болды. Мен  –  топ жетекшісі Алиева Ләззат Нұрғалыққызы өзімнің атымнан, ата-аналар мен балалардың атынан «Батыр» лагерін ұйымдастырушы   –   Астана қаласының «Жас саяхатшылар» станциясы басшылары мен қызметкерлеріне зор алғысымызды білдіреміз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0