Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Алғашқы қоңырау үні!!!

Алғашқы қоңырау үні

    1-қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Мектебімізде бүгін тағы да кезекті алғашқы қоңырау үні ерекше соғылды. Еліміздің барлық аймақтарында бұл мереке салтанатты түрде тойланып жатыр. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында мерекелік салтанатты жиынында мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз құшақ-құшақ гүлдерін алып, алғашқы ұстаздарымен қауышып жатты. Сонымен қатар тақпақтарын оқып, ата-аналарын қуанышқа кенелтті.

   Бишілер мың бұралып билеп, әнші бала тамылжыта ән салды. Осылайша, өнерпаз оқушылар бар өнерін көтеріңкі көңіл күймен көрсете білді.

Мектеп директоры Шаяхметова Айтжан Ермұханқызы сөз алып, мектеп оқушыларына жүрекжарды лебізін жеткізді. Осы оқу жылында оқуда озат оқушылар қатарының көбеюін, түрлі сайыстарда жеңіс тұғырынан көрінуін  баса назарда ұстады.

   Иә, бұл мерекеде шәкірттер мен ұстаздардың қауышып, қуанышқа кенелетін күні. Ендеше, жаңа оқу жылында оқушыларға терең білім, ұстаздарға шығармашылық табыс пен  үздіксіз ізденіс тілейміз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0