Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Елордалық оқушылар Францияда оқуға мүмкіндік алды

Ақан Құрмановатындағы №17 мектеп-гимназиясы Париждегі Сен-Сир әскери лицейімен келісімшартқа қол қойды. Бүгін бас шаһарымызға Франциядан 15 оқушы келді. Олар орыс тілі және Қазақстан тарихы пәндерін тереңдетіп оқып, Астанамыздың басты мәдени ошақтарын аралайды. Сонымен қатар спорттық жарыстарда бақ сынайды. Ал қазақстандық делегация Парижге көктем мезгілінде бір аптаға барады. Ұстаздардың айтуынша, қазіргі кезде қысқа мерзімді оқу курстары болса, алдағы уақытта оқушылардың бір жыл бойы шетелдік мектепте білім алуына жол ашылады. Рәмзия Өмірбаева, А.Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының директоры: - Биыл 1-сынып оқушыларынан бастап француз тілін негізгі тіл ретінде оқып жатыр. Оқушылардың жоғары білімі түрлі олимпиадалар мен халықаралық байқауларда дәлелденіп жүр. Енді осы бағытты дамыта түсу үшін Француз тарапымен келісім жасадық. 9-11 сынып оқушылары Парижге барып, өз біліктілігін танытады деп ойлаймын. Тьерри Ассонион, Сен-Сир әскери лицейінің жетекшісі: - Тәжірибе алмасамыз. Біздің оқушылар Қазақстан тарихымен танысса, ал қазақстандық оқушылар француз тілін жетік меңгереді. Сондай-ақ жастардың арасындағы достық және мәдени қарым-қатынас дамып, екі елдің ынтымақтастығы нығая түседі.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0