Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Lesson study


Lesson study тақырыбы бойынша Талғат Кенжебекұлы мұғалімдерге өте жақсы шебер сынып өткізді. Көп сұраққа жауап алдық. Шебер сынып өте керемет әрі көңілді болды.Lesson study зерттеу сабағы болып табылады, және де Қазақстанда өткізілетін ашық сабаққа ұқсас. Lesson study-да бір мұғалім өзіне зерттеу сабағын өткізуге, зерттеу сабағына дейін шамамен бір айда сабақ жоспарын жазуға ерікті түрде жауапкершілік алады. Содан кейін ол өз сабақ жоспарын осындай сыныптың немесе дәл осындай пән саласында жұмыс істейтін мұғалімдер қатысатын жиналысқа ұсынады. Содан кейін мұғалім басқа мұғалімдермен талқылауға негізделген сабақ жоспарын қайта жазады. Кейбір жағдайда кездесу циклдары және жоспарды қайта жазу үдерісі бірнеше рет қайталанады. Басқа жағдайда мұғалім мектеп кеңесінің әдіскерінен сабақ жоспарын жақсарту үшін кері байланыс беруін сұрайды. Зерттеу сабағында мұғалім сабақ жоспарын ұстана отырып, өз сыныбында сабақ өткізеді. Барлық мектептердің мұғалімдері немесе осындай сыныптардың немесе пән саласының мұғалімдері зерттеу сабағын бақылайды. Зерттеу сабағанан кейін мұғалім мен тыңдаушылар зерттеу сабағын талқылайды. Кейде мектеп кеңесінің әдіскерлері немесе университет профессорлары сияқты шақырылған кеңесшілерді талқылауға қосылуын және кездесуге қатысқан мұғалімдерге кейбір кеңес беруін сұрайды. Бұл Lesson study тәжірибесі айына бір рет өткізіледі.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0