Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Үздіктер фабрикасы

Астана қаласы, Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде

«Үздіктер фабрикасы» - «Фабрика отличников» зияткерлік сайысы жүріп жатыр. Бұл сайыстың мақсаты: Үздік оқуға оқушыларды ынталандыру, мектептегі үздік оқуымен дараланатын білімді сыныпты анықтау, оқудың маңыздылығын арттыру, дарынды мектеп статусына сай болуға жұмылдыру.

Сайыстың міндеті:

  • Үздік білімімен ерекшеленген сыныпты анықтау;
  • Сыныптың ортақ үлгерім сапасын көтеру;
  • Мектептің білім сапасын жоғарылату;

Сайыстың шарты:

Сайыс 3 кезеңнен тұрады.

I кезең. Іріктеу кезеңі.18-23 қаңтар 2016 жылы

Қатысушылар іріктеу кезеңіне өту үшін, сайысқа сұраныс, сыныптың ақпараттық картасы және сыныптың шығармашылық фотосын өткізуі керек. Шығармашылық фотоның тақырыбы «Үздік оқу біздің басты мақсатымыз» деп аталады. Іріктеу кезеңінен өту үшін, сыныптың оқу үлгерімінің ортақ ұпайы әсер етеді.

II кезең. Бекіту кезеңі. 25-30 қаңтар 2016 жыл

Бұл кезеңде іріктеу кезеңінен өткен сыныптарға есеп беру(зачетная неделя) аптасы жарияланады. Бұл аптада әр сынып мүмкіндігінше көп «5»-тік баға жинау керек. Аптаның соңында сыныптың үлгерім коэффициенті шығарылады да, қорытынды кезеңге ең жоғары коэффициенті бар сыныптар жіберіледі.

III кезең. Қорытынды кезең.19 ақпан 2016 жыл
Бұл кезең зияткерлік турнир ретінде өтеді. Әр команда арнайы формамен келіп, өздерін таныстырады. Таныстыру формасы презентация, жарнама, видеоролик. Жеңімпаз командаға бағалы сыйлықтар табыс етіледі.


                                      

                                       


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0