Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Қазақтың бір туар ақиық ақыны Мұқағалы Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойына арнаған «Мәңгі өлмес бір туар тұлға» атты әдеби сазды поэзия кеші.

№72 мектеп-лицей қабырғасында мектеп оқушыларының қазақтың бір туар ақиық ақыны Мұқағалы Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойына арнаған «Мәңгі өлмес бір туар тұлға» атты әдеби сазды поэзия кеші өтті.

Кешті ұйымдастырушы Алуа мен Толеухан Жұрағат оқушылардың шығармашылық жеке қабілеттері арқылы мектеп-лицейдің жалпы оқушылар қауымын ақиық ақынның өлеңдері мен поэзиялық шығармалар нұсқалырымен таныстыра отырып, ақындық өнерге бір қадам жақын болуларына ықпал ете білулері еді.Мектеп ұстаздары мен оқушылардың орындауындағы ақынның мағынасы зор өлеңдері мен шығармалары кешті жандандыра түсті.




Ақынның сонау сұрапыл соғыс жылдарында әрбір бала аңсайтын ұрланған балалық шағының асыл армандары емес сұрт бұлтты қиындықтары мен қажырлы еңбекке жұмылдырған күндерін ішкі сезімімен білдіре білген «Неңді аңсаймын балалық мен сенің?» атты өлеңінен бастау ала отырып, ақынның әр жылдарда шыққан әсем де көркем көңілге қонымды өлең жырларын көпшілік назарына ұсына білді.

Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан туған.

Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,  Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.  Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев  Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім

эпиграф «Өзге емес, өзі айтады, өз жайында» демекші болашақ ұрпақтың арасынан нағыз ақындар туатынына үмітін білдіретіндігін жеткізген ақынның арманы Мұқаңның өлеңдерімен тәрбиеленіп өскен ұрпақтың мол бақыт иелері екендіктерін көрсетеді. Осыған байланысты ақын өзінің зор дарын иесі екендігін болашақ өмір жалғасы өскелең ұрпақтан күтетіндігін келесі жыр жолдарымен көрсететіні паш етілді.  "Ей, безілдектер, Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де" 

Келесі кезекте оқушылар назарына ақынның қысқаша өмірбаяны ұсынылды. 1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;  1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;  1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;  1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;  1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түседі.  5 оқушы.

1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;  1957 - Республикалық радионың дикторы қызметін атқарады;  1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;  1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;  1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. 

Сонымен қатар оқушылар назарына ақынның шығармаларының басылымға шығу жолдарына шолу жасалынды. Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949).“Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”,18.03.1960). 



Оқушылар жеке шығармашылықтарынан ақын ағаларына жыр жолдарын арнады.

Сен қазақтың қазақтығын жырладың, 
Ашып айттың қазағымның мұң-зарын. 
Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген 
Қара өлеңнің – жалындаған жырларың. 
Зулап күндер, жылдар аунап барады, 
Жырларыңнан қазақ бақыт табады. 
Қадіріңді сәл кешірек білсек те, 
Мәңгі есімің жадымызда қалады. 

  Ақын дарыны туралы қазақтың өр тұлғалы бір туар атақты адамдарының қатарынан ойып отырып орын алатын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырзалиев Мұқағали Мақатаев туралы: "Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат,көк тіреген күмбез,сұлулық сарайы деп есептесек,сен соның таланттытас қалаушыларының бірі едің" деген еді деген сияқты ұлағатты алып тұлғаға берілген ақын жазушылардың бағалары да балаларға үлгі боларлық өнеге. 

 Кеш барысында ақынның үлкен бағаға ие болған атақты поэмаларының бірі «Аққулар ұйықтағанда» көрініс сахналандырылған қойылым көпшілік талғамына образды мағыналардың шеберлікпен орындалуы арқылы көрсетілді.Кеш соңы ақынның сөзіне жазылған өлең жолдарының ән саздарымен ұласқан тебіреніп, тербелген ән қанатында өз орындалуында тыңдаушыларының құлақ құрышын қандырып, жүрекке ұялар ыстық сезімге бөлеп, тамаша әсерлер қалдырғаны бірден бір шындық.

Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы.Ұрпақтар санасында үлкен дарын иесінің шығармашылық өмірі бағаланбас үлгі өнегесі өз орнын алары сөзсіз.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0