Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Хабарландыру!!!

                                                                                                                                     «Бекітемін»
                                                                                                                Дарынды балаларға № 9

                                                                                                         «Зерде» мектебі  директоры

                                                                                                                    ________А.Сексенова                                                                                                                        «___»_____2016 ж.

 

Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне қабылдау 
Ережесі

 1. Жалпы ережелер

Осы  Ереже Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңының  26-бабы  2-тармақшасына,   Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес әзірленген,    бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін  оқу бағдарламаларын  іске асыратын    меншіктік нысаны мен ведомстволық бағыныштылығынан  тыс білім беру мекемелеріне  қабылдау тәртібін белгілейді.

Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне, түсетін жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін  мектебінің 6-сыныбын бітірген  балалар қабылданады.

2. Қабылдау ерекшелігі. Оқушыларды  қабылдауды ұйымдастыру    және түсу емтихандарын өткізу мақсатында мектеп директорының бекітіуімен   орталық қабылдау комиссиясы  белгілейді.

3. Құжаттарды қабылдау тәртібі. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау үшін  Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне директорының бұйрығымен  саны 5 адам, мектеп  педагогтары мен мамандарынан тұратын   қабылдау комиссиясы құрылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ,   конкурс  кезеңдерін  өткізу мерзімін  қабылдау комиссиясы  белгілейді.

Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне түсуге конкурстық   іріктеуге қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:

  1. конкурсқа қатысу үшін   өтініш;
  2. ережеге  сәйкес толтырылған  сауалнама;
  3. үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  4. үміткердің оқу орнынан анықтамасы;
  5. үміткердің оқу орнынан үлгерім табелі;
  6. үміткердің жеке жетістіктерін растайтын құжаттар
  7. сынып жетекшісінің оқушыға берген мінездемесі

Үміткердің соңғы екі оқу жылындағы оқу және қоғамдық өміріндегі жетістіктерін көрсететін,  білім алып жатқан ұйымының  мекеме басшысының мөрімен расталған мақтау қағаздары, диплом, сертификаттарының көшірмесі (егер болса).

Барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге( скрошиватель) салынады.

Құжаттарды қабылдау 15.05-25.05.2016 ж сағат 10-00-13-00 аралығында жүргізіледі.
4. Конкурсты өткізу тәртібі

Үміткерлерді іріктеу  ойлау қабілетінің  деңгейін анықтау арқылы конкурс негізінде   өткізіледі.

Конкурсқа  қатысу үшін  құжаттарын Ережеге сәйкес  тапсырған  үміткерлер жіберіледі. Конкурс  2 кезеңнен тұрады.Емтихан  8-10 маусым 2016 жыл аралығында өткізіледі.

Бірінші кезеңде  математика мен логика бойынша  іріктеу тестілеуі өткізіледі.

Іріктеу тесті 25 сұрақтан тұрады.  Дұрыс жауапқа   1 ұпай беріледі.

Тестілеу бойынша 25 сұрақтан тұратын емтихан тапсырмаларын орындауға 60 минут  беріледі.

Тестілеу кезінде  қағаз   нұсқалар  қолданылады.

Тестілеу кезінде қағаз нұсқасын қолданғанда  үміткерге сұрақ кітапшасы, жауап парағы   беріледі. Үміткер қажетті есептерді  сұрақ кітапшасында орындайды, дұрыс жауаптар жауап парағына енгізіледі.

Бірінші кезең аяқталған соң қабылдау комиссиясы жауап парақтарын орталық қабылдау комиссиясына жібереді.

Тестілеу нәтижесін тексеруді орталық конкурстық  комиссия  мүшелері жүргізеді, бұл ретте нәтижелері тек жауап парақтарынан ғана саналады, сұрақ кітапшалары қаралмайды.

Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижесі   тестілеу аяқталған соң ,сол күні  сағат 13-00-де шығарылады. Іріктеу кезеңінен 13 ұпайдан жоғары ұпай жинаған үміткерлер өтеді.

Конкурстың іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер сол күні сағат 15-00-ке логикалық есептер шығару кезеңіне шақырылады.

Конкурстың  екінші кезеңі бірінші кезең өткен соң өткізіледі. Конкурстың екінші кезеңін өткізу мерзімін қабылдау комиссиясы белгілейді.

Конкурстың екінші  кезеңіне  бірінші кезең қорытындысы бойынша  жоғары балл жинаған  үміткерлер жіберіледі  (рейтинг бойынша).

Екінші кезеңде  қазақ тілі бойынша-10 сұрақ, орыс тілі бойынша -10 сұрақ , ағылшын тілі бойынша -10 сұрақ , психологиялық тестілеу-10 сұрақ  түрінде емтихан өткізіледі. Тест 40 сұрақтан тұрады.

Екінші кезең тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт -120  минут.

Екінші кезеңнің  нәтижелері  тестілеу өткізілген соң үш күнтізбелік күн өткен соң   хабарланады.

  1. Конкурс нәтижелерiн қайта қарау тәртібі

Үміткер конкурс  тапсырмаларының  нәтижесімен келіспеген жағдайда, тестілеудің  қорытындысы хабарланған соң  бес күн ішінде  апелляциялық комиссияға  шағым жасауға құқылы.

Төмендегі сұрақтар бойынша шағым қабылданбайды:

  • байқау тапсырмаларының мазмұны мен құрылымы бойынша;
  • байқау тапсырмаларын орындау кезінде үміткердің   қойылған тәртіп  ережелерін бұзуына  байланысты;
  • тестілеу кезінде үміткердiң жауап  парақтарының бланкілерін дұрыс толтырмаған жағдайда;

Апелляция барысында конкурс  тапсырмалары қорытындысының дұрыс бағалануы   тексеріледі.  Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Апелляциялық комиссия конкурс  тапсырмаларының  нәтижесін өзгерiссiз қалдыру  немесе  өзгерту туралы шешiм қабылдайды, үміткерге  не себепті ұпай қосылғандығы  туралы конкурстық  комиссияға  ұсыныс енгiзедi және апелляция қорытындысы туралы апелляцияға өтініш берген тұлғаларды хабардар етеді.

  1. ДБА №9 «Зерде» мектебіне  оқушы қабылдау тәртібі

Мектепке қабылданатын үміткерлер тізімі  қабылдау комиссияның хаттамасы негiзiнде мектеп  директорының бұйрығымен бекітіледі.

  1. Резервтік тiзiмді жасау және  резервтегi тiзiмнен  үміткерлерді мектепке қабылдау тәртібі

Қажетті балл санын  жинаған, бірақ  бос орын болмауына байланысты мектепке  қабылданбаған  үміткерлер, оқу жылының басталу қарсаңында  бос орын болған жағдайда оқуға  тарту мақсатында қабылдау бойынша орталық комиссия бекітетін  резервтік тізімге енгізіледі.

Конкурстық іріктеуді  өткізуде  немесе  резервтік  тізімнен кандидат анықтауда  оқушыны мектепке қабылдау үшін    ұпай сандары  бірдей болған жағдайда    басымдыққа ие болатын   үміткер келесі:

  • республикалық және  халықаралық пәндік олимпиадалар және
  •  шығармашылық байқаулардың  жеңімпаздары;
  • екі кезең  қорытындысы  бойынша ең жоғары  балл  жинаған.

8. Қорытынды ереже. Негізгі Ережеде ескерілмеген сұрақтарды Қазақстан Республикасының бекітілген iшкi құқықтық актiлерi мен қолданыстағы заңнамасына сәйкес  жұмыс ұйымы шешеді.

Мектептің қаржыландыруы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамыр №499 қаулысымен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 33-тармағының 1,2,3 –тармақшасы негізінде қаржыландырылады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0