Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

2016 жылдың 13 ақпан күні Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіміздің 10 жылдық мерейтойына байланысты 6 «А», 7 «А» сынып оқушылары «Мен таңдаған Зерде» атты 2014-мектеп түлектерімен кездесу кешін өткізді.

          Мектебімізде 6 «А», 7 «А» сынып оқушыларының  2014-мектеп түлектерімен кездесу кеші өткізілді. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық. Кеш барысында оқушылық кезеңдерінен бейнеролик көрсетіліп, сұрақтар қойылып,  әсем сазды ән тыңдалып, күмбірлеген күй, мыңбұралған би, әзілқалжың тамашаланды. Жас түлектер кешінің символы болған «Естеліктер» альбомына тілек  жазылып, мектеп тарихына қалдырылды.

          Кездесуге келген қонақтар, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар жағдайаттар мен ойындарға белсене қатысып, қызықты, көңілді кеш болды. Кеш соңында ата-ана Амандық Жолдыбай,6 «А»,        7 «А» сыныптың жас ақындары мектептерінің 10 жылдық мерейтойына шығарған өлең шумақтарын оқып берді.

                      Он жыл өтті, жетістігің жетіп жатыр,
                      Түлектерің келіп жатыр, кетіп жатыр.
                      Үздік болып танылуға буыпсың бел –
                      Беттен қайтпа, биіктерден көріне бер.



7«А» сынып оқушысы Айбек Айкүміс «Қазақстаным»  әнін орындауда.




6 «А» сынып оқушысы Жолдыбаев Санжардың «Ерке сылқым» күйін орындауда.



Зерде мектебінің 2014 жылғы түлегі Үсенова Арайлым, оқушылармен шешуін табуға қиындық соқтыратын жағдаяттар сұрақтарын шешу кезеңінде.



Мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар әзіл-қалжың, ойын кезеңінде.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0