Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Сыйынар ем Ана деген тәңірге!

Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. Әрине бұл мереке біздің аяулы мектебімізде  де аталып өтілді.  Ұстаздарымыздың  оқушыларға  біліммен қоса тәрбие беруде аянып қалмай, бар мейірімімен қарайтынын оқушылары сезетіні анық. Оның айғағы «Жас Ұлан» балалар  мен жасөспірімдер ұйымымен бірге  10 «Ә» сыныбының  оқушылары  8 наурыз аналар мерекесіне  орай мерекелік концерт ұйымдастырды.

     Таңертең жұмысқа келген мұғалімдер мен қыздарды музыкамен және арнайы безендірілген  фоиеде  раушан гүлімен  қарсы алды.  Содан кейін мерекелік концертке жалғасты. Ең алдымен ана туралы монолог тыңдалды. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының  «Жас Қыран»  балалары «Періште» биімен ұстаздарға жүрек шарлар сыйлады. Артынша қызғалдақтай құлпырған  мектебіміздің биші қыздары «Дала сазы» қазақ биімен бастады.  Мектеп директоры Данара Мейрамбекқызы өзінің  мерекелік құттықтау сөзімен мерекелік кешті ашып берді. Жас ұрпаққа біліммен қоса тәрбие беру жолында аянбай қызмет жасап жүрген мұғалімдерді гармотамен марапаттады.  «Ақ көгершін», «Бозторғай» воколистер байқауының лауреаты,  «Шаттық-2016» ашық шығармашылық қалалық байқауына белсене  қатысып  дипломмен марапатталған Дауренбек Асылзат «Асыл Ана»әнімен кешіміздің шырайын кіргізді. 10 «Ә» сынып оқушылары  вальс билесе, Махметова Гүлназ «Мама» әнімен  қошеметке ие болды. «Жас Ұлан» ұйымының  оқушылары мұғалімдерді вальске шақырды.  «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері, жас ақындарымыз 7 «Ә» сынып оқушысы Есеналиев Олжас, 9 «А» сынып оқушысы Атаева Диана, 6 «А» сынып оқушысы Есеналиев Ғалымжан  өздерінің жүрек жарып шыққан жыр-шумақтарын аналар мен қыздарға тарту етті. Биші қыздар «Сон» биін ұсынды.  Әйелдер мерекесімен  құттықтау сөз кезегі кәсіподақ бірлестігінің төрайымы Жолбасова Алтынай Серікбайқызы , ер мұғалімдер және мектеп президенті Кәкимаш Ерұланға берілді. Кәсіподақ бірлестігі өздерінің мұғалімдерге арнайы сыйлықтарын тарту етсе, ер мұғалімдер раушан гүлдерімен қуантты. Мектеп Президенті Мұқағали Мақатаевтің «Ана сен бақыттысың» өлеңін арнады. Балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық-2016» ашық шығармашылық қалалық байқауына қатысып, Қола медаль иегері атанған Ибраев Мадияр орындауында «Әл Қисса»  күйін шертті. Соңында «Жас Ұлан» ұйымының балалары флешмобпен аяқтады. Мерекелік кештің соңы фуршетке жалғасты.


                        

                        

                        


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0