Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

С.Сейфуллиннің мұражайы қызметкерлерімен кездесу

2016 жылдың сәуір айының  14 жұлдызында Астана қаласы №64 мектеп-лицейінің 10 және 9 сынып оқушыларымен С.Сейфуллиннің мұражайы қызметкерлерімен кездесу өтті. Мұражай қызметкерлері өзімен бірге көшпелі экспонаттарын және Сәкен Сейфуллин туралы деректі фильмдерді ала келіп, С.Сейфуллиннің өмір жолы мен шығармашылығына арналған сабақ өткізді. Бұл кездесудің мақсаты қазақтың дарынды ақындарының бірі, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллинді насихаттап, жас ұрпақ бойына дарынды ұлының өмір жолы мен шығармашылығын үлгі етіп, Сәкен ұлағатынан тәлім алуына ықпал етуді көздеді. Сабақ барысында балалар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, музей қызметкерлері өз шығармашылықтарынан туындыларын оқыды. Мектеп оқушылары соңынан ақындардың отанға, туған елге деген сүйіспеншіліктері жайлы жазылған өлеңдерін жатқа оқыды. Аталмыш іс-шара мектептің кітапханасында өткізілді. Бұл іс шараға ат салысқан Сәкен Сейфуллин мұражайдың қызметкерлері Қап Ардакерей, Қойшыбай С. және Бекмағамбетова Айнұр және №64 мектеп-лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Усербаева А.С.





















Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0