Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Мектептегі жаңа өзгерістер!

Мектептегі жаңа өзгерістер!

 

    2016 жылдың 29 тамызында Конституция күні  қарсаңында Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте «Білімді ел – мәңгі ел» атты тамыз кеңесі өтті. Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» мемлекеттік ресми идеологиясы білім беру бағдарламаларға және тәрбие үрдісіне  енгізілуі талқыланды.

    2016-2017 оқу жылының ерекшелігі: 1 сынып оқушылары оқуды  білім мазмұны жаңартылған бағдарламалар бойынша бастайды. 2015-2016 оқу жылының 4 тоқсанын біздің мектептің мұғалімдері жоғары белсенділікпен өткізді. Өйткені, білім мазмұнын жаңарту аясында ұстаздан жаңашыл көзқарас,  ерекше дайындық талап етіледі. Мұғалімдерге көмек беру мақсатында оқыту семинарлар, коучингтер, шығармашылық топ отырыстары өтті. Білім мазмұнын жаңарту бойынша курстардан 37 ұстаз біліктілігін көтеріп келді. Педкеңесте 2015-2016 оқу жылының есебі берілді, 2016-2017 оқу жылының жоспарлары бекітілді. 2016-2017 оқу жылына арналған оқу жоспарына 5-6 сынып оқушылары үшін «Робот техникасы», 11 сынып оқушылары үшін «Дүниежүзілік энергетика және саясат» т.б.  вариативтік курстар енгізілді.  «Страны, говорящие по-английски» курсы 5 сыныптар үшін ағылшын тілінде өтеді. 2016-2017 оқу жылы ағылшын тілін үйренуге 7 мұғалім ниет білдірді. Алдымыздағы оқу жылы бізден шығармашылық ізденіс, жауапкершілік талап етеді.

   Жаңа оқу жылының тағы бір ерекшелігі: мектеп оқу жылын жаңа директор Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы басшылығымен  бастап отыр. Идеялары көп, мектеп  жұмысын ұйымдастыра білетін, жас басшыны педагог ұжымы қолдауда.   Мектеп дамуы жоспары  Астана мектептері арасында өтетін инновациялық  жобалар сайысына ұсынылуда. Сәттілікпен оқу жылың бастайық, әріптестер! Жаңа оқу жылының басталуымен!

Директордың ҒӘЖ орынбасары Алибекова Г.З.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0