Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

1 қыркүйек- Білім күніне арналған 1-11-сыныптарға «Сыңғырла күміс,қоңырау» салтанатты сап түзеу өткізілді.

1 қыркүйек- Білім күніне арналған 1-11-сыныптарға «Сыңғырла күміс,қоңырау» салтанатты сап түзеу өткізілді.  Білім күніне арналған "Мен өз елімнің патриотымын!" тақырыбы бойынша ашық тәрбие сағаттары да өткізілді.
Салтанатты жиын мемлекеттік туды енгізілуімен және мемлекеттік гимннің орындалуымен басталды. Ата Заңымыз- Конституция күнін бүкіл Қазақстан халқы болып атап өттік. Биылғы жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл, халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің ашылуы қарсаңындағы тарихи жыл екендігі туралы айтылды.
Мектеп директоры К.Әзимбай  құттықтау сөздерін жолдады. Мектеп директоры өз сөзінде барша оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдер мен қатысушы қонақтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Салтанатты жиынның құрметті қонақтары ретінде   Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы Мендібаева Айгүл Серікқызы, № 38 мектеп-лицейінің ата-аналар кеңесінің төрағасы Баймухамедиев Ермек мырза  қатысты.
1-сынып оқушылары өлеңдерін оқып, алғашқы қоңырау соғу құрметі 11- сынып оқушысы, оқу озаты Нұркен Даулет мен  мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған  1 -сынып оқушысы Асқарова Айсұлуға табысталды. 1-11 сынып оқушыларына алғашқы білім сабақтары жалғасын тапты.

 
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0