Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Алғашқы қоңырау

         Білім күні мектебімізде салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік жиынға арнайы қонақтар мен ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы  жиналған қауымды жаңа оқу жылымен құттықтады. Көктал кентінің ардагерлер кеңесінің мүшесі Жеңіс ата оқушыларға тілек білдіріп, өзінің ақ батасын берді. Мектебіміздің ардагер ұстазы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Тілеубек Ысқақұлы оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, жастарды отансүйгіштікке шақырды. Биылғы оқу жылында бірінші сыныптан тоғыз сынып ашылды. 1-сыныптың ата-аналар атынан Қарсыбекова Мадина құттықтады. Саналы ұрпақ тәрбиелеп жатқан ұстаздарға алғысын білдірді. Мектеп оқушылары және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1-сынып оқушылары жүздері қуанышқа толы күйде қолдарына ұстаған шарларын аспанға ұшырды.

 

 

 

 

Ұйымдастырушы педагог: Болатбек Бақытжан


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0