Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

1-қыркүйек күні өткізілген «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы аясында "Мен өз Отанымның патриотымын" тақырыбында білім сабағы

   1-қыркүйек күні Астана қаласындағы Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде»мектебінде 2016-2017 оқу жылының бастамасы – алғашқы қоңырау мерекесі атап өтілді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституция күніне, Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуы және «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы аясында ұйымдастырылды. 
   Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде»мектебінде биылғы оқу жылында 12 сынып-комплекті құраған 289 астам оқушыға есігін ашты. Оның ішінде жаңадан оқуға түскен 7-сынып оқушылары. құраған жаңа оқушыларымыз осы жылдың маусым айында сынақтан сәтті өтіп қабылданды. Оқушылармен қатар жаңадан келген мұғалімдер де мектеп қауымдастығына салтанатты түрде қабылданды.
   Мектебіміздің директоры А.С. Сексенова жиналғандарды жаңа оқу жылымен құттықтап, өткен оқу жылындағы түлектердің жетістігіне тоқталды. Сонымен қатар  аймақтық ғылыми-практикалық «Астана дарыны» орталығының директоры құттықтау сөзімен М.Ж. Құрманбаева келді. Ол оқушылар, ата-аналар және мектеп ұжымын алғашқы қоңырау күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында шығармашылық табыс пен биік белестерге, алда қойылған мақсаттарға сәтті жетуін тіледі.

         

   Бұл күні дәстүрлі Білім сағаты «Мен - өз елімнің Патриотымын» тақырыбында өткізілді. Салтанатты іс-шара өз жалғасын оқушылардың жалпылама домбыра тарту, флешмоб арқылы жалғасын тапты. Іс-шара аясында оқушылар сыныптастарымен жазғы тоқсанда және әлеуметтік іс-тәжірибелерде алған әсерімен бөлісіп, ұлттық идея аясында талқылаулар жүргізді. 
   Сондай-ақ барлық Білім сағаттарында мектебіміздің пән мұғалімдері және ата-аналарының қатысуы қамтамасыз етілді. Соның ішінде 11 «А» сынып оқушысы Ә. Кабулдиновтың ата-анасы тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тарихшылар Ұлттық конгресінің ғылыми хатшысы, «Ұлттар келісімі» қоғамдық қорының директоры, 8-сынып «Қазақстан тарихы» оқулығының авторы, самбо күресінен РСФСР-ң спорт шебері Кабулдинов Зиябек Ермуханович қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, өз тілегін білдірді. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясына байланысты дәріс оқыды.

      

Басқа сыныптар бойынша білім сағаттарынан көрініс:

      

     

   Ең негізгі мақсат пен талап – адал болу. Тек адал адам ғана өз Отанын сүйеді, қауіпсіздігін ойлайды, тіпті қорғаныс жағдайында күреске белсенді түрде қатынаса алады. Аталмыш білім сағаттарында біздің мектептің оқушылары Қазақстан патриотизмінің шынайы келбетін көрсете алды. 

     

   Жаңа оқу жылы Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде»мектебі үшін мазмұнды әрі қызықты болмақ. Өйткені мектепте білім алып жатқан балалар оқуда озат болудан бөлек, өзінің қабілеттерін және дағдыларын  өмірдің кез келген саласында жетілдіруге дайын.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0