Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Тілі бірдің – тілегі бір

 

 

 

         Астана қаласындағы №21 орта мектепте 2016 жылдың 19 қыркүйегінде «Тілі бірдің – тілегі бір» атты тілдер мерекесі фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Мереке мемлекеттік Гимнен басталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің жетекшісі – Абдрахманова Гүлден Туяковна, орыс тілі пәні мұғалімі – Досхожина Мария Мукановна және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Киндикбаева Арай Жунисхановна оқушыларды үш тілде құттықтап, өз тілектерін және қандай іс-шаралар өткізілетіні жайлы қысқаша айтып өтті. Өз кезектерінде оқушылар мемлекеттік тілде жүрекжарды өлеңдерін оқып, тіл туралы мақалдарын айтты. Онкүндіктің ашылу салтанатына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Нурмагамбетова Жибек Кабденовна және Байбуллина Гульмира Муратбековна жауапты болды. Әр оқушы бойында өзінің ана тіліне деген құрмет байқалды. Сонымен қатар осы онкүндікте барлық тіл мамандары тілге байланысты ашық тәрбие сағаттарын өткізіп, оқушыларды мемлекеттік тілімізді, өз ана тілдерін құрметтеуге тәрбиелейді. Барлық әріптестеріме мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда шығармашылық табыс тілеймін.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Нурмагамбетова Ж.К.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0