Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл» атты ғылыми-конференция өтті

    2016 жылдың тамыз айының 29 жұлдызында Астана қаласының №4 мектеп–гимназиясында «Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл» атты ғылыми-конференция өтті. Конференцияға тарих пәні мұғалімдері, 10-11 сынып оқушылары, Ыбырай Алтынсарин атындағы ғылыми институтының оқытушысы Әдиет Қайыркен, ата–аналар комитеті қатысты.
    Мақсаты: Семей полигонының жабылуының 25жылдығы, Семей ядролық сынақ полигоны және оның халық денсаулығына тигізген әсері, Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы  түсінік ала отырып пікір алмасып ойларын ортаға салу.
    Конференцияны тарих мұғалімі Қуанбаев Серік Дәулетшеұлы және Конференция қонағы Ыбырай Алтынсарин атындағы ғылыми институтының оқытушысы Әдиет Қайыркен бастады. Оқушыларға Семей ядролық полигонының зардаптары туралы айтып, бейнетаспа көрсетілді. Оқушылардың дайындаған баяндамалары оқылды. Конференция соңында 9-сынып оқушысы Бакарам Жанболаттың орындауындағы «Мен қазақтың ұлымын» атты әсем әнімен аяқтады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0