Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Тілі бірдің – тілегі бір» атты апталық болып өтті

«Тілі бірдің – тілегі бір» атты апталық болып өтті

     15-22  қыркүйек аралығында мектебімізде «Тілі бірдің – тілегі бір» атты апталық болып өтті.

   Апталықтың ашылу 15 қыркүйек күні орыс тілі пәні мұғалімдері

Аскарова Г.К. мен Ибраева Г.Т. ұйымдастырылуымен  жүзеге асырылды.

  Апталық барысында пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен түрлі сайыстар, тәрбие сағаттары, суреттер байқауы,  викториналық сұрақтар, үш тілде ән салу  №  4 мектеп оқушыларымен бірлесе өткізілген «Үш тілді меңгеру жарқын болашақтың  кепілі» атты дебат сайысы, ұлттық ойындар түрінен  бәйге , т.б. түрлі сайыс-байқаулар  өткізілді.

19 қыркүйек күні екінші сыныптар арасында мектепішілік «Ана тілің-арың бұл» тақырыбында мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Бұл сайысқа әр сыныптан оқушылар қатысып ана тілі туралы өлеңдерді жатқа оқыды. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау. Тәрбие сағатына әділқазы ретінде бастауыш сынып мұғалімі Гүлден Елтайқызы мен жас маман Амиржанова Арай шақырылды.

 

 

Сайыс алдында мұғалім 22-қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдер мерекесімен» құттықтап,  Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс екендігін айтты. Ең алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді –қазақ тілін меңгеру - баршамыздың міндетіміз болып табылатындығы жайлы айтылды.

Мәнерлеп оқу сайысына әр сынып оқушылары өте жақсы дайындықпен келген. Солардың ішінде өлеңді жақсы оқып, көзге түскен 2«Б» сынып оқушысы Әліш Шерхан болды. I орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Екінші орынды  2«А» сынып оқушысы Даулетбаева Кәусар мен 2 «Г» оқушысы Насихат алса, үшінші орындарды 2«В» сынып оқушысы мен 2«Ә»сынып оқушысы  Сабырбек Айдина иеленді.

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты барысында Болат Әлия мен Тұрғанбай Гүлайым тілдер мерекесіне өздерінің қазақша билерін тарту етті.

 
   

 

 

.

 

 

 

 

Тәрбие сағатында мұғалім полиглоттар жайында қызықты деректер берді. «Ұшқыр ой-жылдам жауап» деген сұрақ-жауап тапсырмалары орындатылды.Әділқазылар қорытынды шығарып, оқушыларды мерекемен құттықтап, дипломдармен марапаттады. Тәрбие сағаты  «Ана тілі»әнімен аяқталды.

Тақырыбы: Ана тілің – арың бұл
Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау.
Көрнекілігі: Ұлағат сөздер жазылған плакат.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б.Момышұлы.

Кіріспе сөз.

Мұғалім:   

Қымбатты ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі сынып сағатының негізгі  мақсаты оқушылардың ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, өз тілінде таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың   «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде. Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол-ұлтымыздың анасы» дегендей біз де ана тіліміздің мәртебесін көтеруіміз керек. 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет. Соның ішінде, ең алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру - баршамыздың міндетіміз.Бүгінгі өткізгелі отырған «Ана тілің -арың бұл» атты мәнерлеп оқу сайысымыз 22 қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне қосылатын кішкене  ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса, балалар «Ана тілің - арың бұл» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Тамаша өлең таңдайға татып балдай,                                                              

Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!                                                                      Жан-дүниең жарқырап сала берер,                                                                     Ағарып келе жатқан атып таңдай -  деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр сынып  оқушылары шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп , жатқа айтады.

 

 

 

«Ұшқыр ой-жылдам жауап»

1.Қазақ әліппесінде неше әріп бар?
2.Білім күні қай айда?
3.Тәуелсіздік күні қашан тойланады?
4.Қазақ балаларына тұңғыш мектеп ашқан кім?
5.Қазақ тілі мерекесі қашан тойланады?
6.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
8.Мемлекеттік рәміздерді атаңдар.
9.Бес дұшпанды атаңдар
10. «Кел,балалар,оқылық!»кімнің өлеңі?
3.Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім?
4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
5.Өлең жазатын адамды кім дейді?
6.Бес асыл істі атаңдар
7.Төрт түлікті ата
8.Қазақша жэыл басы
9.Ең асыл жан кім?
10.Біз қай облыста тұрамыз?

Ортада қазақ биімен Болат Әлия және Тұрғанбай Гүлайым.

Полиглоттар тарихынан қызықты деректер берейін:

Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.

*  А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

*   Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

*  Қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов араб, шағатай және түркі тілдерінің біразын білген. Кадет корпусында оқып жүргенде орыс тілін жетік біліп үлгерген.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Әділ – қазыларға сөз кезегін беру. Мадақтау.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Әуездісің, әсем тілі елімнің,
Әуенісің ұлан байтақ жерімнің.
Самғай берсін шартарапқа өр үнің! - деген ізгі тілекпен бүгінгі «Ана тілің-арың бұл» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Қош - сау болыңыздар!




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0