Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Ұстаздар мерекесі құтты болсын!

2016 жылдың 1-қазан күні ұстаздар күні мерекесіне орай, 11-сынып оқушылары ұстаздарды құттықтау мақсатында барлық мұғалімдерді құрметпен күтіп алып, қошамет көрсетіп, өздерінің дайындаған сыйларын ұсынып, жылы шыраймен қарсы алды.
  

                  


                       



11-сынып оқушылары мұғалімдерге арналған өзін-өзі тану және музыка сабағы өткізіліп, ұстаздармен топтық жұмыстар жүргізіліп, мұғалімдер оқушылармен бірге ән шырқады. 
Ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. Мектеп директоры  Д.М.Джумартова сөз алып, ұстаздар қауымына өз құттықтауын жолдап, жылы тілегін білдіріп, қажырлы еңбек еткен мұғалімдерді марапаттады. 

                                 


Ұстаздар күні мен қарттар күнінің қатар келуіне орай мерекелік іс-шараға ардагер ұстаздар да қатысты. Зейнеткер ұстаздар мектеп директорының алғыс хатымен марапатталып, оқушылар құрметіне бөленіп, жас мамандарға ақ баталарын берді.

                            

Мектеп оқушылары ұстаздарға арнайы ойын ұйымдастырып, зияткерлік сұрақтар ұсынып, олардың берген жауаптарын қорытындылап, мұғалімдерді сынақтан сәтті өтуімен құттықтады.  Мерекелік іс-шара соңында оқушылар мен ұстаздар би билеп, естелік суретке түсіп, оқушылар ұстаздарды мерекелік дастарханнан дәм татуға шақырды. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

                                               

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0