Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«XXI ғасыр көшбасшысы»

ДБА №9 «Зерде» мектебінде 29-қыркүйек күні өсіп келе жатқан жастардың бойында білімге деген талпынысын, ұлттық патриотизмді қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерін арттыру мақсатында (1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай «XXI ғасыр көшбасшысы» білімділер сайысы болып өтті. Аталған сайысқ мектебіміздің 10-сыныбынан 12 оқушы қатысты. Сайыстың өту барысы төмендегідей:

                                           1 тур. «Бәйге» Жалпы эрудиция сұрақтары.

Мектепте өтілетін негізгі 9 пән бойынша (орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, химия, биология, география, математика, информатика, физика) деңгейі күрделі (7 ұпай) және өте күрделі (10 ұпай) тапсырмаларға жауап береді. Әр қатысушы 7 ұпайлық немесе 10 ұпайлық сұрақты өз еркі бойынша таңдайды. Егер оқушы өзі ашқан ұяшықтағы сұрақтарға жауап бере алмаса, басқа қатысушылардың сол сұраққа жауап беріп, ұпай жинауына мүмкіндігі бар. Әр оқушыға 5 сұрақтан қойылады. Оқушылардың реттілігі жеребе бойынша анықталады. Ұпай саны жағынан ең жоғары жинаған 6 оқушы екінші кезеңге өтеді.

                                            2 тур. Блиц-турнир. «Әлихан Бөкейханов»

Бұл кезеңде оқушылар қоғам қайраткері, Алаш зиялысы, ұлт мақтанышы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап береді. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда – демекші, қане, көрелік, екінші кезеңде білімді, дарынды оқушыларымыз өздерін қалай ұстар екен...
Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, қолдарыңызды көтересіздер. Бірінші болып көтергеніңіз жауап бересіздер. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі ойыншы жауабын айтуына болады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Барлығы 20 сұрақ. Үшінші турға ұпайы жоғары 3 оқушы өтеді.

                               3 тур. Берілген тақырып бойынша спич. «Шешендік өнер»

Бул турда ұпайы жоғары қатысушы бірінші жауап береді. 2 минут уақыт сөйлеуге, 30 секунд ойлануға беріледі. Тақырып жеребе арқылы анықталады. Оқушылар кезекпен алып, жауап береді. Үшінші турдағы тақырыптар:

  1. Егер мен Президент болсам ...
  2. Болашақ «Зерде» мектебі менің көзіммен ...
  3. Үштілді білім – заман талабы
  4. XXI ғасырдағы оқушы моделі

Әділқазылар оқушыларды 1 мен 10 ұпай аралығындағы ұпай сандарымен бағалады.

Мектепішілік «XXI ғасыр көшбасшысы» сайысының қорытындысы бойынша көшбасшы оқушы атағын 10 «А» сынып оқушысы Балтабаева Ділназ жеңіп алды. Ал ақтық кезеңге дейін жеткен екі оқушы 10 «А» сынып оқушысы Дархан Нұрахмет пен 10 «Ә» сынып оқушысы Жұмағұлов Марғұлан арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Өзінің ерекше дарындылығымен, алғырлығымен, шешендік қабілетімен оза шапқан Балтабаева Ділназ 12 қазан күні өтетін қалалық кезеңге жолдама алды.

                      

                     

                

                 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0