Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Қазақстан халқы тілдері фестивалі

15-22 қыркүйек аралығында №31 мектеп-гимназиясында "Қазақстан халқы тілдері»  апталығы өтті.



Аталмыш іс-шараның көздеген мақсаты:   мектеп оқушыларының сана-сезімін, қоғамдық  ой-өрісін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, бойларына  ұлттық мәдениеттің құндылықтарын сіңіру, тілдің үш тұғырлылығы жайлы ұғымдарын тереңдету болды. 

Іс-шараның алғашқы күні «Мемлекеттік тілмен – мәңгілік елге»  тақырыбындағы көрмемен ашылды.

16 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімдері Н.Қ.Абадилов, А.З.Сабитова, Н.Е.Ищенко «Ана тілің – арың бұл» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушылармен  тілдердің достығы, мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы толғамдар айтылып, өлең шумақтары оқылды. 17 қыркүйек  қазақ тілі мұғалімдері А.Т.Дабинова, Н.О.Жалмағамбетова  үш тілде білім беруді дамыту және құзіретті тұлға дайындау мақсатында  «Тілім барда, айтылар  сыр ойдағы» тақырыбында

8-11 сынып оқушылары арасында көптілді мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

Оқушылармен қазақ, орыс, неміс, француз, жапон тілдерінде өлең оқылды.

19 қыркүйек күні жоспарға сәйкес  5-11 сыныптардың оқушылары үшін «Тілі бірдің – тілегі бір» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Жекелеген ұстаздардың сынып сағаттарының әзірлемелері жиналып алынды.

Дәл осы күні мектептің акт залында қазақ тілі мұғалімдері А.М.Жунусова, А.Қ.Салтаева «Тіл – достықтың көпірі» атты мерекелік концерт өткізді. Әр түрлі ұлт өкілдерінің костюмдерін киіп келген оқушылар өлеңдер оқыды, әндер орындады, нақышына келтіріп ұлттық би де биледі.

19 қыркүйек күні орыс тілі мұғалімдері В.А.Тхоржевская,С.С.Маркевич  «Күз  нақыштары» тақырыбында «Литературные незнакомцы» атты әдебиет қонақжайын  өткізді. Оқу бөлмесінде жағылған шырақ сәулесі аясында жас ақындар өз жанынан шығарған  күз туралы өлеңдерін оқыды. Күз туралы презентация,әр түсті жапырақтармен безендірілген оқу бөлмесі мереке шырайын келтірді. Қонақжайға 5- 7 сынып оқушылары қатысты, әсіресе 5 «Е» және 6 «Д» сынып оқушылары белсенділік танытты.

20 қыркүйек күні  орыс тілі мұғалімі Н.А.Приходько 11 «Б» сыныбында  «Самый умный» тақырыбында зияткерлік ойынын өткізді. 12 оқушы осы есімге лайықты болу үшін  жартылай финалға өтуде сынға түсті. Сыныптағы қалған оқушылардың әрқайсысының өз рөлі болды, 2 оқушы сайысқа қазылық етсе, қалғандары  жанкүйер болды.

Дәл осы күні қазақ тілі мұғалімдері Д.Б.Кенжебекова, Г.Е.Балташ

6 сынып оқушылары үшін «Қасиет пен құт дарытқан ана тілі » тақырыбында XXI ғасыр көшбасшысы сайысын өткізді.Сайысқа 25 оқушы қатысты, бұл қуантарлық жайт. Сайыс таныстыру, бәйге, тіл-өнер,жеті ғажайып бақ, полиглот сияқты бөлімдерден құралды. Әр кезең  қорытындысы бойынша оқушылар құрамнан шығып отырды.

Апталық аясында 8-11 сыныптар арасында «Тіл – достықтың кепілі» атты қабырға газеттерінің   сайысы ұйымдастырылды. Барлық  қабырға газеттері ақпараттылығымен, оқушылардың қызығушылығы және шығармашылығымен ерекшеленді. Тақырыпқа сай «достық» жеңімпаз атанды.

21 қыркүйек күні 5 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі мұғалімдері Р.К.Адильбаева,Ю.А.Пургина «Do you know English» викторинасын өткізді.Оқушылар екі командаға бөлінді. КТК көңілді  ағылшын тілідегі әнмен басталды. Викторина  бірнеше турдан құралды.Ағылшын тілі мұғалімдері  әр түрлі аңдардың, заттардың суреттерін көрсетті, ал оқушылар оларды тек ағылшын,тілінде ғана емес, қазақ, неміс, француз тілдерінде айтып беруі тиіс.Ең қызықты сайыс жануарлардың дауыс салуын ағылшын тілінде айтып беру сайысы болды.

21 қыркүйек күні қазақ тілі мұғалімдері З.М.Карманова,   Ж.К.Казестаева 7 сыныптар оқушыларымен «Тіл тірегіміз- соғып тұрған жүрегіміз» атты танымдық тәрбие шарасын өткізді. Оқушылардың өлең оқу мәнері, сол өлең сөздерін беріле оқуы, өзін ұстауы болашақта осы оқушылардан ұлтжанды, патриот тұлға шығатыны көңілге сенім ұялатады.

Ақылдың кені  болып табылатын үш биіміздің терең оймен, шебер тілмен айтылған тіл туралы ойларын 7 сынып оқушылары Рахман Ерасыл, Құрбанов Алан, Камагазинов Акежан  актерлік шеберлікпен жеткізе білді.

22 қыркүйек күні ағылшын тілі мұғалімі  А.К.Есильбаева 11 «А», 11 «Б» сынып оқушыларымен «Great Britian» ауызша журналын өткізді. Шара барысында Ұлыбританияда тойланатын мейрамдар жайлы мағлұмат берілді. Сапармен сол елде болған оқушылар өз ойларын ортаға салды. Журнал соңы шағын концерттке ұласты.

Апталық Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған

«Жаса, жайна, менің Қазақстаным» атты    ән байқауымен өз мәресіне жетті.

Осындай түрлі сипатта жүргізілген әрбір мағыналы да мазмұнды жұмыс түрлері  жасөспірімдердің ой-өрісін дамытумен қатар, этникалық көзқарасын кеңейтіп , бойларына  ұлттық мәдениеттің құндылықтарын сіңіре білді десем, артық айтқандық болмас...











Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0