Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Халықаралық ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз, ұлағатым үлгі-өнегем» тақырыбында өткізілген іс-шараның есебі

                                              Астана қаласы №72 мектеп –лицейінде
 халықаралық ұстаздар мерекесіне арналған
                       «Ұстаз, ұлағатым үлгі-өнегем» тақырыбында өткізілген               
                     іс-шараның
есебі

            №72 мектебінде  1 қазан күні ұлы мамандық иелеріне арналып, «Ұстаз, ұлағатым үлгі-өнегем» тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Іс-шараның мақсаты ұстаздар күні — бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Сондықтан да осы ұлы мамандық иелеріне апта арнап, төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет көрсету. Өз мамандығымызды сүю, жалпы ұстаздықтың терең сырларын ұғыну, бір — бірімізбен тәжірибе алмасу болды. Бұл күні мектебімізде «Ұстаздарға мың алғыс!» атты бастауыш сыныптардың қабырға газеті шығарылды. Мектеп кітапханасында С.Т.Темированың ұйымдастыруымен 5 сыныптар арасында  «Ұстаз жолы — ұлылық» тақырыбымен көрме жасалып оқушыларға таныстырылды. 

 Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі   К.Е.Мунайдарованың  жетекшілігімен  «Ұстаз – мектептің символы» тақырыбымен 7-9 сынып оқушылары арасынан шығарма жұмыстары жүргізілді.

 1-4 сыныптарда «Менің алғашқы ұстазым», 5-7 сыныптарда «Ұстазым менің, ұстазым», 8-9 сыныптарда «Ұлағатты ұстазым» тақырыптарында сынып сағаттары мен тәрбие сағаттары өтілді.

 Сонымен қатар бұл күні мектептің АКТ залында «Ұстаз, ұлағатым үлгі-өнегем»» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Бұл шараға мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі түгелдей қатысты. Мерекелік шарада мектеп директоры Г.А. Жусупова ұстаздарға арналған құттықтау лебізін білдірді.  

 Жыл бойы жақсы көрсеткіш көрсеткен мұғалімдердің және ӘБ жетекшілерінің еңбегі аталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Педагог-ұйымдастырушы Ж.Төлеуханның жетекшілігімен салтанатты мерекелік шараға 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама жасалды.

 Оқушылар ұстаздарға арнаған мерекелік жылы лебіздерін өлең шумақтары, әндері арқылы жеткізді. «Ұстазым менің, ұстазым» әні мектеп оқушыларының ұстаздарға деген алғысын білдіріді.  


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0