Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

 16-қыркүйек күні мектеп инспекторы Серік Агубаевтың ұйымдастыруымен 8,10-сынып оқушыларына арналған «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында лекция өткізілді. Қатысқан оқушылар саны 259. Іс – шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық түрлері, қылмыс белгілері, жасөспірімдердің құқықтары және өз міндеттерімен таныстыру арқылы қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
 Құқық бұзушылық – заңды және оның қағидаларын, құқықтық нормалар жүктелген міндеттерін орындау болып табылады. Осы тұрғыда мектеп инспекторы оқушыларды «Бала құқығы туралы заңның» 10 тарауындағы негізгі баптарымен таныстырды. Мәселен 5-бап, 14-бап, 12-бап, 11-бап, 10-бап, 9-бап, 8-баптарымен толыққанды таныстырса, әкімшілік жауапкершілікке тарту түрлері де назардан тыс қалмады. Қылмыстық Кодексінің 39 бабында қарастырылатын 12 жазаның ішінде кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерін атап көрсетті. Сонымен қатар ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы туралы 127 – бапты,  кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын-жайдан тыс жерде болуы туралы 442 – бапты  білудің оқушы үшін маңыздылығын баса айтты. Оқушылар іс- шара барысында көптеген ақпарат алып, өздерінің көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0