Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Асыл жүректі ана» кеші

«Өзін-өзі тану» жобасының авторы, қоғам қайраткері Сара Алпысқызының туылған күніне орай  1-4 сыныптар арасында өткен кеш өз мақсатына жетті. Кеш ұйымдастырушылардың рухты, өрелі сөздерімен басталды. Мектеп директоры Зәуре Жақанқызы оқушыларға жүрегінің жырын арнады. Өмірдің қызығы - жүрекпен ақылдасып жасаған ісінің мәнділігінде деген сөзі оқушыларға ғана емес, ұстаздар қауымына да зор әсер етті. Зәуре Жақанқызының жүрекжарды жылы сөзінен кейін Сара Алпысқызына арналған тамаша бейнебаян болды. Кеш сценарийі өте әсерлі, мазмұнды жасалған. Кеште  өзін-өзі тану пәні мұғалімдері Мырышпаева Әсем, Айтжанова Сәуле оқушыларға ситуациялық сұрақтар, әртүрлі  тренингтер өткізді. Апталық қорытындысы бойынша «Үздік эссе», «Мен әлемді сүйемін»  тақырыбындағы көркем сурет қорытындыланды.

Үздік эссе жазған 4 «А», 4 «Е» сынып оқушылары өз шығармаларын оқыды. Сара Алпысқызына арналған өлеңдерін 3 «В», 4 «Е», 4 «Г» сынып оқушылары нақышына келтіріп, жүрекке жеткізіп айтты.

Кеш барысында Кеңесхан Алан -  4 «А», Абдисалим Ақбота – 4 «Д» Сара Алпысқызына музыкалық сәлем арнады.

Көркем сурет бойынша белсенділік танытқан 2 «Б» сынып оқушысы  Нәлібек Ұлықбек, 3 «Б»  сынып оқушысы Сәбит Нұрәлі , 4 «Б» сынып оқушысы Табыспаева Жанель, ал сыныптар бойынша 4 «Е», 4 «Д», 3 «Ә», 3 «Е», 2 «А» сыныптары  грамота алды. Айсұлу Хайргелдіқызы, Жыға Ағыбайқызы,  Роза Үсенқызы, Гаухар Темірханқызы сынды ұстаздар  өз шығармашылықтарын танытты. Осы кеште, жалпы апта бойы әрбір оқушы жақсылық жасау жаратылыстан екенін, ал жамандық- жасандылық екенін сезінді, түсінді.

«Өзін-өзі тану – өзіңнен бастау, еркіңнен аспау» дегенді ұқты. Бастауыш сыныптар бойында директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары, өзін- өзі тану пәні мұғалімі Абдикеримова Нурхан Саветовна оқушыларға үнемі «Еркіңе салсаң қажеттілікке қарағаның, жүрекке салсаң жақсылықты қалағаның» деген көркем ойды жеткізіп отырды, талап етті.



Әрбір адамның жүрегінің рухын оятар бір күш ол «Өзін–өзі тану» білімі екенін әр ұстаз, оқушы жете түсінді. «Өзін–өзі тану» - рухтың күші, жүректің ісі.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0