Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту процесіндегі жұмыс берушілердің рөлі

2017 жылдың 15 ақпанында колледжде Туризм бөлімінің меңгерушісі және арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқу шеберлерінің жетекшілігімен «Кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру және білім алушыларды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша Көпбейінді колледжі мен жұмыс берушінің бірегей жұмысы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Орынбаев Б.Ы «Ақмолатурист» АҚ басшының орынбасары, Сердюков А.А. «Горизонт» туристік фирма директоры, Асель Сериковна «Дипломат» отелінің директоры - әлеуметтік серіктестіктері белсенді қатысты. Қазақстандағы дуальды оқыту кадрларды даярлаудың тиімді тәсілі ретінде оқу мекемелерімен жұмыс берушілердің арасында ынтымастықты қалыптастыру, шағын және орта бизнес үшін кадрларды даярлау, оқу және өндірістік тәжірибені жүзеге асыру барысында студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту процесінде жұмыс берушілердің рөлі туралы, оқу мекемелер және жұмыс берушілермен ынтымастықты қалыптастыру формалары, әдістері және жолдары туралы сұрақтар талқыланды.
Әлеуметтік серіктестіктер тарапынан жұмыс оқыту жоспарының мазмұнына түзету еңгізу, қонақ үй шаруашылығында шағын профильді мамандарды даярлау туралы ұсыныстар айтылды.   Дөңгелек үстелдің нәтижесінде дуальды серіктестік бойынша ұсыныстар өңделді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0