Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Мектепте ата-аналар жиналысы өтті

2017 жылғы 12 мамырда Астана қаласының «Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектеп» ММ жалпыұлттық ата-аналар жиналысы аясында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста ата-аналар комитетінің төрағалары, ата-аналар мен педагогтар қатысты. Күн тәртібінде: қазақстандық мектептерде жаңартылған білім мазмұнын енгізу; Қамқоршылық кеңестер – мектепті басқарудағы алқалық формасы; «Мектепке кітап сыйла» ата-аналар қоғамдастығының акциясы, т.б.

Мектеп директоры Балжан Каиртаевна Айтмухаметова мектепте жаңартылған білім мазмұнын енгізу туралы айтты, 11 бірінші сыныптар бағдарламаны меңгеруде. Мұғалімдер Оn line тәртібінде қала мұғалімдерімен бағалаудың жаңа тәсілін енгізу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Республикалық семинар өтті, бірінші сынып мұғалімдері ашық сабақтар көрсетті, Астана қаласы Білім басқармасының, НЗМ өкілдері, республика және қала мектеп директорлары мен мұғалімдері қатысты. Жаңа бағдарламасы бойынша өз жұмыс тәжірибесімен 1-сынып мұғалімдері Ш.Абдыкаримова және Е.Климова бөлісті. Мұғалімдер өз жұмыстарында сын тұрғысында ойлау стратегиясын кеңінен қолданады, ол әдіс балаларды терең ойлауға және күнделікті өмірде шешім табуға үйретеді. Балалар өзіңдік, топпен, жұппен жұмыс істеуге үйренеді. Оқушылардың білім сапасы жоғары. Оқу жылы соңында барлық оқушылар оқуды біледі, өз пікірлерін еркін айта алады, қорытынды жасай алады, оқу үрдісінде бір-біріне көмек көрсетеді. Жаңа технологияның ерекшелігі – ол мұғалім мен оқушы және ата-ананың үнемі байланысы, оқу үрдісін жақсартады. 

Жаңа бағдарлама бойынша оқушыларды оқытуды бірінші сынып оқушыларының ата-аналары Л.А.Капченко және А.А. Калиева толық қолдады. Олар заманауи білім артықшылығы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Үш тілдікті енгізу – ол өмірдің талабы. Топтардағы ұжымдық жұмыс балалардың байланысқа бейімді болуға, өз ойларын айтуға, бір-бірін естуге, басқа адамның пікірін құрметтеуге үйретеді. Кері байланыс ата-аналарға үнемі баласы не біледі, кемшіліктер болса қалай жұмыс істеу керек. Ата-аналар қорытынды жасады – балалар бәсекелесуге қабілетті болу, мақсатқа жете алатын, өзгерістерге бейімді, әр түрлі мамандықтар меңгере алатын, байланысқа бейімді болу үшін жасалады. Жаңа оқу жылда мектепте Ашық есік күндері жоспарлауда, сабақтарға қатысуға мүмкіндік болады, осы әрекет ата-аналар мен мектеп тығыз байланыста жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ата-аналарға түлектерді қорытынды аттестаттау жаңа форматы, электрондық құжаттау туралы хабарлама жасалды.

Ата-аналар жұмыс бағыттары, қызметі, құқықтары мен міндеттері, мақсаты, кеңес құрамы туралы мәліметтері, Қамқоршылық кеңестер жұмысын талқылады, қызмет принциптері мен механизмін танысты. Жаңа оқу жылға Қамқоршылық кеңес құрамы ұсынылды, ата-аналар жиналыс шешімімен бекітілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б. Есематова ата-аналарға - «Мектепке кітап сыйла» ата-аналар

қоғамдастық акциясы туралы айты. Акцияның негізгі мақсаттары туралы айтты.

Оқу жыл аяқтау бойынша және жазғы демалыс сұрақтар қарастырылды. Ата-аналар тәжірибелерімен бөлісті, отбасында бала тәрбиесі бойынша ұсыныстар мен тілектерін білдірді.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0