Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Білім күні арналған салтанатты саптүзеу

                                                              
    

      Биылғы 2017-2018 оқу жылында №15 мектеп-лицей оқушыларына 2 қыркүйек Білім күніне арналған алғашқы қоңырау соғылды. Биылғы Білім күні Елордамызда өтіп жатқан Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесімен және
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жаңа тарихи кезеңге қадам басып, қайта түлеудің тың бағыттарына бет алған еліміздің болашағы мен қазақстандықтардың келешегі үшін маңызы терең құжаттың жарыққа шыққанымен дәлме –дәл келуде.
    Мерекеге келген қонақтар ата-аналарға, ұстаздар мен оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ақ жол тіледі.
    №15 мектеп-лицей директоры Жаркенов Бауыржан Қапарұлы өз құттықтауында өткен оқу жылының біздің лицей үшін табысты жыл болғанын 



және 11 сынып оқушыларының білім көрсеткіштерінің жоғары болғанын айтып өтті.

Білім күніне келген қонағымыз ҚР Білім министрлігінің ғылым техникалық және кәсіптік білім беру Департаментінің директоры Оспанова Насымжан Жанбекқызыда өзінің жылы лебізін білдіріп, оқушыларды мерекемен құттықтады.
Мектебіміздің жас бүлдіршіндері мектепке, ұстаздарға, Отанға арналған 



тақпақтарын айттып,  білім күнімен құттықтады және де 11 сынып оқушылары атыннан бүлдіршіндерге сыйлықтар табыс етілді. Мектеп оқушылары қонақтарға, ата-аналарға, ұстаздарға өз өнерлерін көрсетті. Оқушылардың бірі би билеп, бірі ән айтты.




11сынып оқушылары бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, «Білім кілтін» табыс етті.
Жас бүлдіршіндерге арналып ақ жол төселді. Бауыржан Қапарұлы  мен қонақ ҚР Білім министрлігінің ғылым техникалық және кәсіптік білім беру Департаментінің директоры Оспанова Насымжан Жанбекқызы ақ жолдың лентасын кесіп,  бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, алғашқы сабаққа шығарып салды.




Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымыздың соңы «Менің өз отанымның патриотымын» атты  алғашқы сабаққа  ұласты.










 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0