Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Тиімді әдіс- тәсілдер- бүгінгі сабақта» тақырыбында шебер сыныбы болды.

«Елу жылда – ел жаңа» демекші  он жылда оң өзгерістерге ие болған
мектебіміздің 10 жылдығына орай ұйымдастырған  «Заманауи білім- келешек кепілі » атты қалалық  семинарда 10 түрлі іс-шара өткізілді. Соның бірі бастауыш сынып мұғалімдер арасында  Онер Айжанның өткізген«Тиімді әдіс- тәсілдер- бүгінгі  сабақта» тақырыбында    шебер сыныбы болды.  Шебер сыныпқа қала мектептерінен келген мұғалімдерінен 11 мұғалім, өз мектебімізден 5 мұғалім  барлығы 16 мұғалім қатысып белсенділік танытты.
 Шебер сынып сәтті өтті.Жоғары деңгейде өткендігін өзге мектептерден келген әріптестердің кері байланысынан білеміз. Кері байланыста барлық қатысушылар Айжан Өнерқызына шығармашылық табыс тілей отырып, көрсеткен әдіс- тәсілдерін электрондық почта арқылы жіберуін өтінді.Алдағы уақытта жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануға қызыға түскендерін ашық айтты
         Онер Айжан  интербелсенді  әдістер мен стратегияларды сабақта қалай қолдануға болатындығын тәжірибе жүзінде көрсете білді. Атап айтатын болсақ «Әдеби үйірме», «Қабырғаға қарап оқу», «Көңілді қалпақ», «Сұқ саусақ», «Құмырсқа»стратегиясы, «Сұрақтар жаңбыры», «Кезбе тілші», «Түйінді сөздер» деп аталатын әдіс- тәсілдермен бөлісті.Қонақтарды ұлттық бұйымдар мен аспап атауларымен топқа бөлді. Онда киіз үй, домбыра, қобыз, торсық сувинерлерін  шебер сыныптан естелік ретінде әр мұғалімге үлестіріп берді. “...Білімдіден не пайда, білгенін  көпке айтпаса.
Үйреткенен не пайда, қайырымы қайтпаса» (халық даналығы) деп  өзінің көрсеткен шебер сыныбын кәделеріңізге жарасын деп сөзін аяқтады.   







Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0