Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Үздік педагог - 2017

Бүгін Астана "№ 58 мектеп-гимназиясының" тарих пəні мұғалімі Бимендин Болат Дусимбекович "Үздік педагог-2017" аталып, Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевтің қолынан марапат алды. Ұстаз – Қазақстан тарихы оқулықтарының 50-астам ғылыми мақалалрының  авторы. Республикалық, қалалық педагогикалық конкурстардың жүлдегері. Халықаралық, республикалық деңгейде олимпиада жүлдегерлерін дайындаған баптаушы. Еңбегі жанып, республика бойынша үздік педагог атанды. Ұстаздың алар биігі алда.
Білімнің салтанат құрған осынау заманында өмір жолын шәкіртерге білім беруге арнаған ұлағатты да ұлы ұстаз-Бимендин Болат Дусимбекұлы. Осы жолды таңдауда оның ұстаз отбасынан шыққандығы септігін тигізсе керек. Асқар тау әкесі мен аяулы анасы да талай шәкірттің алғысына бөленген ұстаздар.
Бимендин Болат Дусимбекұлы 1979 жылы 6 тамызда Қостанай облысы Наурызым ауданында қос ұстаздың отбасында дүниеге келді. 1985-1996 жылдары Наурызым атындағы орта мектебінде білім атты теңіздің мектеп атты кемесіне отырып, негізгі мектепті үлгілі аяқтады. Білімін жетілдіріп, болашақта ұстаз болуды мақсат еткен Болат Ұлт жанашыры А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік Университетінің тарих факультетінің тарих оқытушысы мамандығы бойынша біліктілік алып шықты. Тамыры тереңде жатқан ұлт тарихының ақтаңдақ беттері мен тәуелсіздік жолындағы ұлтының азаттығы мен теңдігі жолындағы тарихи білімді болашақ ұрпақ санасына жеткізіп келеді.
Еңбек жолын 2000 жылдан бастаған ұстаз жоғары оқу орындарында саясаттану, тарих кафедрасының аға оқытушысы ретінде қызмет атқарды. 2013 жылдан бастап күні бүгінге дейін Астана қаласы №58 мектеп-гимназиясында біліктілігі жоғары санаттағы тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек етуде. Мектеп қабырғасында оқушылармен түрлі іс-шараларда өзінің білімді де білікті екенін көрсете білді. Шәкірттері аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық дәрежедегі жетістіктерге қол жеткізді. Аз уақыттың ішінде мектеп өмірінің тарихына мыңдаған жеңістерді әкелген ұлағатты ұстаз өз тәжірибесімен бөлісуде алдына жан салмайды. Ұстаздарға, оқушыларға арналған 9 оқу - әдістемелік құралдары ұстаз бен шәкіртке үлкен көмегін тигізуде. 50 ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген. Ұстаздық еңбек жолында алған мараптаттары да жетерлік. Қазақстан педагогтар қауымдастығының педагогика саласына қосқан үлесі үшін «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Сондай-ақ Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының Академигі куәлігі және күміс медаль төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, ұстаз-Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының Қазақстан салыстырмалы педагогика кеңесінің мүшесі.
Ұстаз үнемі ізденіс үстінде жүретіні сөзсіз. Еңбек жолында білім беріп қана қоймай, өзін үздіктердің қатарынан көруге аянбай еңбектенді. 2012 жылы Білім беру ісінің үздік қызметкерлері жинағына еніп, «Үздік қызметкер» атағымен марапатталған. 2014 жылы Астана қаласы ұстаздарының қатысуымен болған «Үздік тарихшы» конкурсына қатысып, өз қатарластарының арасынан оқ бойы озып, қаламыздың Үздік тарихшысы атанып, І орынды иемденді. 2014 жылы қараша айында өткен Атамекен картасы мемориалдық кешенінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік сабақ, Үздік-педагог» байқауының І орын иегері атанды. Ұстаздың бұл жетістігі оның бойындағы жоғары қасиеттерді әрі қарай дамытып, ашқандай. 2016 жылы Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен қалалық «Үздік педагог-2016» сайсында Алғыс хатпен марапатталды. Сонда-ақ, үстіміздегі жылдың сәуір айында өткен «Үздік мұғалім-2017» атты қалалық байқаудың жеңімпазы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық байқауға жолдама алды.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, ұлттың рухани жаңғырып, болашаққа нық қадам жасауына бағыт берер «Ұлылар туған топырақ» атты авторлық бағдарлама ұстаздарға ұсынылды. Туған жер бағдарламасы аясында құрылған бағдарлама әрбір болашақ ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен тағзымын арттыратыны анық.
Ұстаз деген құрметті атаққа ие болудың өзі-бір бақыт. Бимендин Болат Дусимбекұлы-ұлағатты кең ұстаз, ұлт болашағы үшін алаңдап, өзінің қажырлы еңбегін аямаған жан. ХХІ ғасырдың жан-жақты дамыған ұстазы ретінде еңбегіңіз еленіп, ұстаздық жолда сізге шығармашылық толағай табыстарға қол жеткізіп,шәкіртеріңіздің алғысына бөлене беріңіз демекпін.
Сіздей Туған елінің тарихын болашақ ұрпаққа дәріптейтін саналы ұстаз тұрғанда, рухани жаңғырған, болашаққа қадамы нық шәкірт шығатынына сеніміміз мол.
Педагогика саласында еңбек етіп жатқан осындай ұстаздарға қолдау көрсеткен адамдарға алғысымыз шексіз.

Мектеп ұжымы













Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0