Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Махаббат ұялатқан ашық сабақ

Біздің колледжде 22- 29 қыркүйек аралығында тіл апталығы өтті. Осы аралықта іс-шаралар мен ашық сабақтар өткізілді. Апталықта қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Б. Нуркасымова 2 ОГХм – 216 тобымен ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақты Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» тақырыбындағы шығармасына арнады. Негізгі ашық сабақтың мақсаты -М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығын студенттерге насихаттау. Жаңа сабағымыз басталмас бұрын үй жұмысына көз жүгірте отырып, Қадыр Мырза Әлидің «Қазақ осы» әнімен бастады.
Сабақ барысында студенттердің ойлау қабілетін шыңдау мақсатында ой көкпар өткізілді. Ой көкпарда Кадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап бере отырып,  сонымен қатар ақынның өлеңдерін студенттер мәнерлеп жатқа оқыды. Үй жұмысын осылайша қорытып, бағалап болғаннан кейін, жаңа сабағымызды оқытушымыздың бағыттауымен дайындалған Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» поэмасының үзіндісінен көрініс қойдық.
Оқытушымыз Алма Нуркасымова студенттерге Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығын түрлі көрнекті слайдтар мен видеоларды қолдана отырып түсіндірді. Оқытушымыз студенттерге махаббат жайлы әр түрлі деректер мен мысалдар келтіріп, сабақты қызықты өткізді. Осы мәліметтер бойынша студенттер өздерінің түйген ойын  «Венн диаграмма» арқылы қазіргі махаббатпен М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» поэмасындағы махаббатты салыстырды.
Жастарға үлкен тәрбиелік мәні бар бұл сабақ біздің жүрегімізге қуаныш пен махаббат ұялата білді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0