Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша өткізілген іс-шаралар

«Рухани жаңғыру»бағдарламасы бойынша №55 орта мектебінде 10 күндік іс-шараға жоспар құрылып, осы жоспар негізінде іс-шаралар жүргізілді.
Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
10.10.-18.10.17 аралығында 5-11 сыныптарда «Туған жер – елімнің мәртебесі» сынып сағаттары өткізілді.10.10.17 ж «Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол» тақырыбында Оралбаева Н.К. 10-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелде мұғалім оқушыларға Елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауын айтып жеткізе отырып, оқушылардың өзіндік пікірін білу мақсатында, бір-бірінің ойын тыңдап, талқылап, пікір алмасып өзіндік пікірлерін ортаға салды. 12.10.17ж «Туған өлкеге саяхат» тақырыбында Тулегенова Д,Садыкова Ж,Конусова С «Тапқырлар мен білгірлер» сайысын өткізді.Сайыста оқушылар 4 топқа бөлініп, әр түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жеңімпаз топтар марапатталды.13.10.17ж «Туған өлкемнің тарихы» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Дүйсалиева А.А. 6- сыныптармен дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелде әр оқушы Отаны, туған елі туралы мақтанышпен айта отырып, өздерінің Отанға деген патриоттық сезімдерін жеткізді.16.10.17ж «Моя малая родина» тақырыбында Карбаева А.С.4 «Г» сыныбымен ашық сынып сағатын өткізді.Ашық сынып сағатында оқушылар өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдарымен, әндерімен тартымды жеткізді.17.10.17ж «Край родной,навек любимый» тақырыбында Умбетова Д.Б. 8 «в» сыныбымен ашық сынып сағатын өткізді. Ашық сынып сағатында оқушылар Отан туралы өлеңдер оқыды.Сынып арасында «Мақал құрау» ойыны, сөзжұмбақ ойындары ойнатылды.18.10.17ж «Достопримечательность и родного края» тақырыбында Казыкенова Д.С. 6 сыныптар арасында кіріктірілген сабақ өткізді.Сабақта оқушылар әр пәннен өздерінің білгірлігі мен тапқырлығын таныттып сабақ тарттымды, қызықты өтті. 19.10.17ж «Алтын ұям» тақырыбында Исаева Т.Ә. мектепшілік іс-шара өткізді. Бұл ісшарада жас ұрпақты өз Отанын сүюге, туған жерінің тарихын терең білуге, туған жерін қастерлеп, оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында түрлі тапсырмаларды оқушылар белсенділікпен орындап шықты.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
1

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0