Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

11 қазан «Халықаралық қыздар күні»

 

2017 жылдың 7 қазан күні 8-9  сыныптар аралығындағы қыз балалар ұжымы «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институтына тәжірибе алмасу барысында танымжорыққа барды. Қыздар екі топқа бөлініп, тігін тігу және сурет шеберлік сабақтарына қатысты.  Тігін тігу сабағында қыздарға ісмерлік құралдар мен тігін машиналарын қолданудың әдістері таныстырылды. Қыздар қолдан тігілген бұйымдарды тамашалаумен қатар, өздеріне сөмке тігіп үйренді. Сурет сабағына бөлінген қыздар ханым жетекшілігімен арнайы құралдармен түрлі дизайндағы заттарды жасады.

Шеберлік сабақтары аяқталған соң қыздарға институт ішінде саяхат жасатылды. Институт ішінде қыздар азпаздық бөлмесі, қонақ күту бөлмесі, ән айту, домбыра тарту бөлмелері, би залы және дәріс тыңдайтын арнайы орындармен танысты. Мектебіміздің қыз балалар ұжымы «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институтына жиі барып тұрады.

Әр кез қазақ қызына тән тәрбие беріп отырған білім ордасы халық қалаулыларымен де кездесу ұйымдастырып тұрады. Мәселен, біздің қыз балалар ұжымы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асанғазы Оразкүл Асанғазықызымен кездесіп қайтты.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0