Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында ғылыми - білім беру жобасының аясында

Қазан айының 27 сі  күні  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында ғылыми - білім беру жобасының аясында, тарих пәнінің мұғалімі Мендесбаева Гулзира Жайлаубековна «Мәдениет саласының өзекті мәселелері» шеберлік сыныбын  өткізді.

№42 орта мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті – Елбасының  кітапханасы  ғимараты алдында



    «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директорының орынбасары Рахимжанов Әмірхан Муратбекұлы және шеберлік сынып өткізген тарих пәні  мұғалімдерін таныстыру сәті

  1. Мендесбаева Гулзира Жайлаубековна. ( 42 ОМ тарих пәні мұғалімі)
  2. Касенова Шынар Сламхановна   ( 81 МГ тарих пәні мұғалімі)

     Сөз құдіреті!  Тауып айтылған - тапқырлық, ақылға қозғау салатын - ұшқыр ой, таңдай қақтыратын - даналық,тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні   осы сөздің құдіреттілігінде жатыр емес пе! Қазақ халқы ежелден сөз қадірін білген, сөзге тоқтаған.Ұрпағына «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деп үлкен міндет жүктеген.Себебі, сөз біздің ата-бабамыз көтере алмаған үлкен жүкті ғасырлар бойы көтеріп, бүгінгі күнге жеткізген.

  

Шеберлік сынып барысында, №81 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Шынар Сламханқызымен бірлесе отырып,«Сөз құдіреті» үстелінде кіріктірілген сабақ  дайындалды.    
                     
Халқымыздың асыл қазынасы: тарихы,өнері,жырлары осы сөз құдіреттілігінен бізге мұра боп жетіп отыр.Бабаларымыздың аманаты боп қалған, Төле,Қазыбек,Әйтеке билеріміздің шешендік өнерінен оқушылар қойылым көрсетті. Пән мұғалімі Мендесбаева Г.Ж  Қ.Р Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы ғылыми-білім беру жобасының аясында «Мәденинет саласының өзекті мәселелері» шеберлік сыныбын өткізудегі әріптестігі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Сабаққа қатысқан оқушыларға  тілек жазылып қолтаңба қалдырылған Елбасы кітабы тапсырылды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0