Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Өмірге "ИЯ" деп айт акциясы

«Өмірге Ия деп айт!» республикалық ақпараттық науқаны  бойынша өткізілген іс –шара   анықтамасы

 Ақпараттық науқанның мақсаты: Баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттық, насихат мен үгіттің теріс ықпалынан қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару

Ақпараттық науқанның міндеттері: балаларды олардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау,

сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы үлкендермен балаларды қоса, қоғамның ақпараттандырылуын арттыру, еліміздің әрбір  аймақтарындағы тілшілерді балалардызиянды ақпараттан қорғау мәселелерін жариялауға тарту;

 Жоғарыда аталған мақсат пен міндеттерді алға қоя отырып №55 орта мектебінде жоспарға сәйкес бірнеше іс-шаралар атқарылды.



Сынып жетекшілер мен мектеп педагог-психологі Демеуова М.С   ата-аналар мен мен мектеп оқушылары үшін 19.02.2018 ж тақырыптық стендер жаңартып, балаларға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшалар таратылды. Өмір сүру бір бақыт! Тақырыбын негізге ала отырып мектеп психологы күнделікті күнге арна ой ағыны ретінде жағымды пікірлер ұсынып стенд дайындады. Оқушылармен бірлесе отырып 20-25 ақпан аралығында  бүкіл мектеп балалары мен мұғалімдерін жұмылдыра отырып «Біз аттаспыз» тақырыбында мейірімділік, өзара жағымды қатынас орнату мақсатында бірлесін суретке түсіп  мектеп  дәлізінде фото көрме жасалынды. Мектеп сайтында, ғаламтор қорларында балаларға психологиялық көмек көрсету қызметтері туралы ақпарат орналастырылды. Мектеп психологы  ұйымдастырған  «Сиқырлы қылқалам» сурет сайысы ұйымдастырылып 5-9 сыныптар арасында өткізілді. Суреттер сайысы  жалғасып жатыр. Мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізіліп, кәмелетке толмағандардың , педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұныныңәсерінен болатын проблемаларды түсіну деңейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың  Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты ата-аналар тарапынан бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.

«Өмір қымбатсың маған !», «Өмір ғажап !», «Өмір тамаша !» тақырыбында 5-8 сыныптар орта буын арасында сынып жетекшілер ұйымдастырған ашық сабақтар өткізді.Өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, - оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге арналған түрлі тапсырмалар, ойындар жүргізілді.Оқушылар өз өміріне, өз сөзі , ойы және әрекетіне мұқият болу қажет екендігін түсінді.

«Өмірді таңдаймын!» «Өмір сүру бір бақыт !» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен жоғары буын өкілдері арасында  сынып сағаттары өткізілді.

Ашық сынып сағатында Бақыт дегенді қалай түсінесіңдер? Бақытты адамның артықшылығы? Бақыт сонда бізге  не сыйлайды?Бақытқа жетелейтін не нәрсе ? сынды сұрақтар төңірегінде түрлі тапсырмалар орындай отырып, сұрақтарға жауап берді.Сабақ барысында тыныштық сәті, өзіммен — өзім сәті ойындары ойнатылып, оқушылардың өмірге құштарлығы артып, өмірдің әрбір сәтін бағалау қажеттігін түсінді. «Біз өмірді таңдаймыз!»,«Жат қылықтардан аулақ болайық»,«Қауіпсіз ғаламтор» тақырыптарында ( 6-8 сыныптар аралығында ) мектеп психологы тренингтер өткізді.

        Сонымен қатар, 27.02.18 ж күні Астана полиция капитаны Нургазина А.К.  баланың денсаулығына зиян келтіретін әлеуметтік желілердің теріс ықпалынан қорғау мәселелері бойынша мектеп оқушыларымен дәріс оқылды.

Қорытынды: Жоспарға сәйкес, қажет іс-шаралар өткізілді. Баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау бойынша ақпараттар, өмірге құштарлығын арттыру тренингтері мен сынып сағаттары өткізілді. Мектепішілік барлық сыныптарды жұмылдырып суреттер сайысы, біз аттаспыз атты әдістерді қолдана отырып өзара жағымды қатынас,мейірімділікті дамыту іс-шарасы өткізілді.

«Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқан 07.03.2018ж өз мәресіне жетті. Іс-шаралар жайында қорытынды ақпарат жасалды.

Ұсыныс: Балаларды барынша жағымды, мақсатты осы сыңайлы іс-шараларға жұмылдыру,қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ана жауапкершілігін одан әрі насихаттау.

 



 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0