Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

№59 мектеп-лицейіде ата-аналар және оқушылар арасында мектепішілік жарыс өтті

№59 мектеп-лицейі 15-қыркүйек күні 
футболдан «Салауатты мектеп» тақырыбында өтілген
спорттық жарыс туралы мәлімет.
2018-2019 оқу жылы.

 

            Спорттық жарыс бағдарламасы, жоспары бекітілді. 15.09.2018ж. күні мектебімізде футболдан «Салауатты мектеп» тақырыбында ата-аналар және оқушылар арасында мектепішілік жарыс  өтті. Жарыс салтанатты түрде ашылып, дене тәрбиесі пәні мұғалімі А.Қартай ойынның шарттарымен таныстырды.

 

1) Жетісу командасы

2) Астана командасы

3) Қайрат командасы;

4) Қазақстан командасы;

5) Қайсар командасы;

6) Жастар командасы:

 

    Ойын барысы:

 

   Бірінші сынып оқушыларының ата - аналары арасынан 5 команда құрылды  "Астана", "Барыс", "Қайсар", "Қайрат", "Қазақстан" және "Жетісу". Сонымен қатар, мектеп мұғалімдерінің бір командасы және 10-11 сынып оқушыларынан «Жастар» командасы  құрылды.  Футбол мерекесі ойынның барлық қатысушылары үшін түрлі-түсті флешмобпен басталды.

Бірінші сынып оқушылары, ата-аналары және сынып жетекшілері арасынан жанкүйерлер ойын кезінде өз командаларын белсенді қолдады. 

Осы іс-шараны өткізудің мақсаты-ата-аналар мен оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-аналар ұжымын біріктіру үшін кеңістік құру.

Ойын қорытындысы бойынша "Жетісу" ата-аналар командасы жеңіске жетті, екінші және үшінші орындарды "Қайрат" командасы және жоғары сынып оқушылары иеленді.  "Жетісу" командасына мектеп директорының кубогы табыс етілді.

Сонымен қатар, "үздік команда капитаны", "Үздік қақпашы", "Үздік ойыншы" номинациялары бойынша алғыс хаттар табыс етілді .

Ата-аналар осы спорттық мерекені ұйымдастырғаны үшін мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

 

1-ші болып додаға түскен «Астана» және «Барыс» командалары 1-0 есебімен «Астана» командасы ұтты.

2-ші болып додаға түскен «Жетісу» және «Қайрат» командалары  3-1 есебімен «Жетісу» командасы ұтты.

3-ші болып додаға түскен түскен «Қайсар» және «Қазақстан» командалары 1-3 есебімен «Қазақстан» командасы ұтты.

жоғарыда аталған  ойынның жеңілген командалары Барыс және Қайрат,Қайсар командалары бір-бірімен кездесіп кім мықтыны анықтады.

 

Нәтижесінде: 

  1. 1-орын «Жетісу» командасы иеленді.
  2. 2-орын «Қайрат» командасы иеленді.
  3. 3-орын «Жастар» командасы иеленді. 

Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары: К.А.Ибышева., К.К.Абеуова                                                      

Педагог-ұйымдастырушы: Қ.Ш.Мейман., Д.Б.Махметова















Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0