Қорытынды аттестаттауға дайындық
2019 жылғы 16 ақпанда 11-сынып оқушылар ата-аналары үшін жиналыс ұйымдастырылып, өткізілді. Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Д.А.Алиева түлектердің ата-аналарын сынақ тестілеу қорытындысымен таныстырды. Алғашқы ҰБТ қаңтар айында Евразиялық Ұлттық университетінде өтті. Келесі тест наурыз айында өткізіледі. Қаңтар және наурыз айындағы ҰБТ өттуді белгілеу керек:
- маусым айында өтетін негізгі ҰБТ тапсыруға және білім гранттерін алуға конкурстарға қатысуларына мүмкіншіліктен айырмайды;
- бейінді пәндерді ауыстыруға мүмкіндік береді.
- Мысалы:
- қаңтарда: Дүниежүзілік тарих-география;
- наурызда: математика –физика.
- «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» мақалдағыдай негізгі (маусымдағы) ҰБТ дейін өз білімдерін қайта тексеруге болады;
- бекітілген тестілеуді өткізу ережесі мен шарттарына бейімделуді қамтамасыз ету;
- қолайлы сертификатпен ақылы жоғары оқу орындарға түсуге болады;
Екінші тестілеу мектепте мемлекеттік емтиханға дайындық аясында өткізіледі.11-сынып оқушылары практикада тестілеу сұрақ мазмұнымен жұмыс істеді, өздері әрі қарай қандай даярлық бағыттарымен жұмыс атқаратындарын анықтады.
11-сыныптарда жұмыс істейтін пән мұғалімдері оқушыларды сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтулеріне қандай даярлық жұмыстарын өткізетіңдігін айтты.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау