Меню KDT
logo.png
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Жазғы Мемлекеттік тіл мектебінің ашылуы

   10.06.2019 ж. Астана қаласындағы №1 мектеп-лицейінде 7 сынып оқушылары Мемлекеттік тіл мектебінің ашылуын салтанатты түрде өткізді. Алдымен Мемлекеттік тіл мектебінің жетекшісі Абдигалиева М.Қ. оқушыларды тіл мектебінің ашылуымен құттықтап, алдағы атқарылатын істің жұмыс жоспарымен таныстырды, еңбектеріне табыс, сәттілік тіледі. Ашылу салтанатына жауапты ұстаздар Исекеева А.К., Маматова К.А., Аппасова С.К. іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне асқан жауапкершілік танытқандарын байқатты. Жоспар негізінде ғұлама ақын- жазушыларымыз С.Торайғыров, Қ. Мырза Әлі, Д.Әбілов, Б.Момышұлы, С.Мұқанов, Ә.Тәжібаевтардың тіл тақырыбына айтқан нақыл сөздерін тиімді қолдану арқылы жүргізушілер іс-шараның мағыналы, мазмұнды өтуінде де шеберлік танытты.
      Оқушылар үш тілде өлеңдер оқып, ән шырқап, блиц-сұрақтар арқылы өз білімдерін ортаға салды .
1

2

3

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь