Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Авторлық бағдарлама жасауға қойылатын талаптар

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп – гимназиясында 16.10.2019 ж. директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Абдикаримова Гүлжанат Айдарханқызының жетекшілігімен «Озық тәжірбие» мектебінің ұйымдастырумен «Авторлық бағдарлама жасауға қойылатын талаптар» атты теориялық – дамыту семинары өтті.
Мақсаты: Авторлық бағдарлама бойынша мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, әдістемелік көмек көрсету.
Міндеті: Инновациялық педагогикалық тәсілдерді қолданып, оқытуға мұғалімдердің белсенділігін арттыру.

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Нұрахметова Г.Қ. «Авторлық әзірлеудің мазмұны мен құрылымы» атты тақырыпта баяндама оқыды. Баяндамада авторлық бағдарламаның өзектілігі мен рәсімдеу ережесімен таныстырды.

Физика пәнінің шебер – педагог мұғалімі Жандаева Б.К. «PASCO GLX құралдары. Физикалық эксперименттер мен зертханалық жұмыстар жинағы. Оқу құралы» слайд-презентация көрсетіп, түсіндіріп өтті.

Бастауыш сынып мұғалімі Утегенова Г.М. «Сөз әлемі. 3-сыныпқа арналған таңдау курсы бағдарламасы» слайд-презентация көрсетіп, өз тәжірбиесімен бөлісті.

Биология пәнінің мұғалімі Ақжанова Н.А. «Авторлық бағдарлама деген не?» атты рефлексия өткізіп, тақырыпты қорытындылады.

Семинар жоғары деңгейде өтті.










Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0