Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Нұр-Сұлтан қаласы оқушылар сарайы №24 орта мектеп комьюнити «Шұғыла» орталығының ашылу салтанаты

Нұр-Сұлтан  қаласы  оқушылар  сарайы  №24  орта  мектеп  комьюнити   «Шұғыла»  орталығының  ашылу  салтанаты

            Бүгін 16.11.19 ж. күні мектебімізде оқушылар  сарайы  №24  орта  мектепте  комьюнити   «Шұғыла»  орталығының  ашылу  салтанаты  өткізілді.  Жиынға  орталықтың  басшысы  Іргебай Ербол Исләмұлы,  Есіл ауданы   аппараты  әкімінің  инспекторы   Қонақбаев  Руслан  Шекебаевич,        директоры Сүндетов Ғабит Насырұлы,  ата аналар  тарапынан   Бакирова  Жадыра  Асылбековна,  мектеп оқушылары, ата-аналар,  ұстаздар  қатысты.  Жиын басында  «Тұмар»  би  ансамблінің   мың  бұралған бишілер  тобы  ашып  берді. Салтанатты  жиынды   Есіл ауданы   аппараты  әкімінің  инспекторы   Қонақбаев  Руслан  Шекебаевич  бүгінгі  күннің  жаңалығына  өз  ризашылығын  білдіре  отырып,  осы істің  басы қасында  жүрген   оқушылар  сарайының  директоры  Ербол  Исләмұлына  және ұжымына алғыс айтты. Оқушыларға  осында  ұйымдастырылған  үйірмелерге  қатысып, жақсы  нәтиже  көрсетулеріне  тілектес екендігін  айтты. Іргебай Ербол Исләмұлы  сөз кезегінде   ашылып жатқан  «Шұғыла»  орталығына  тіркеліп,  қатысуға  ниет еткен  оқушыларға  ақ жол тіледі. Сонымен  қатар  биылғы  жылы берілген қосымша  жаңа мектептің  бірінші  қабатын  осы орталыққа ұсынған  мектеп директорына алғыс айтты. 

          Мектеп директоры Ғабит Насырұлы  өз  сөзінде  бүгінгі  орталықтың  ашылу  салтанатына  келген ата-аналар, қонақтар, оқушыларды  құттықтады.  Алдағы  уақытта  осы  орталықта дәріс алған біздің  оқушыларымыз  біздің  қуаныштарымыз болады.  «Сурет салу», «Лингвистика»,  « Steem»  кабинет,  т.б  қол жетімді, мектеп  ішіндегі  орталықтың  үйірмелері  біздің  оқушыларымыз  үшін  ең тиімді   және маңызды екенін  баса  айтты.  Ата-ана Бакирова Жадыра   Асылбековна  мектеп оқушыларына  орталық  мамандарына  алғыс айтып,  мектебімізге  ұстаздарымызға  қолдау  көрсетейік және балаларымыздың  үйірмеге  қалмай қатысуын  қадағалап отырайық деп  өз  ұсынысын, тілегін   айтты.

         Мектеп оқушылары  орталықтың  ашылуына  өз үлестерін  қоса  отырып,  нақышына  келтіре  4 «В»  сынып  оқушысы  Жарылқап Ақнұр  Абай атамыздың  өлеңін  оқыса,   жез  таңдай әнші  қызымыз  7  «Б» сынып  оқушысы   Жумагазинова  Жанерке  «Желкілдек»  әнімен  көпшілік  қауымды  өзіне  қаратты.  Осындай  өнерлі  оқушыларымыз  көбейе берсін.

 «Шұғыла»  орталығына  сәттілік!!!

 
             

                         


                      

                           

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0