Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«БІЗ БІРГЕМІЗ!» ХАЛЫҚТЫҚ АКЦИЯСЫ (Ата-аналармен, оқушылармен, мектеп түлектерімен өткен акция күнделігінен)

«БІЗ БІРГЕМІЗ!» ХАЛЫҚТЫҚ АКЦИЯСЫ
(Ата-аналармен, оқушылармен, мектеп түлектерімен
өткен акция күнделігінен)
2020 жылдың 25 қаңтарында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Біз біргеміз!» халықтық акциясы аясында мектеп ауласын қардан тазарту жұмысы өткізілді. Акцияға ерікті түрде 150-ге жуық ата-аналар, мектеп оқушылары және мектебіміздің түлектері қатысты. Сағат 11.00-де басталған шараға әкелерімізбен бірге аталарымыз, аналарымыз, барлық отбасымен қатысқан ата-аналарымыз да болды. Мектептің ауласын қардан тазарту жұмысы «жұмылған жұдырықтай» бірлікпен өтті. Ата-аналар тарапынан айтылған: «Мынау керемет бастама екен. Бізге қарап балаларымыз «мектебімді тазалауға мен де барайын» деп үйде отыра алмады. Артымызда патриоттар өсіп келеді» деген пікірлер ұйымдастырып отырған шарамыздың нағыз нәтижесіне айналды. Үйілген қарды тау қопарғандай жым-жылас еткен әкелерімізге, жолды аршып, ерлермен бірге еңбек еткен аналарымызға, салып берген қарды жүгіре жүріп тасыған балаларымызға және «Күрек беріңіз, біз мектеп бітірушілерміз ғой» деп келіп, белсене қатысқан түлектерімізге мектептің барлық педагогикалық ұжымының атынан, мектеп әкімшілігі атынан МЫҢ АЛҒЫС айта отырып, отбасылық бақыт пен берекелі ғұмыр тілейміз!
        


            


         


    

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0