Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Қашықтықтан оқыту

Құрметті оқушылар мен ата-аналар! 2020 жылғы 6 сәуірден бастап №55 орта мектепте сонымен қатар жалпы республика бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқыту жүзеге асырылады. Оқыту ақпараттары келесі оқу арналары арқылы жүзеге асады :
1.Zoom Web-конференциялары: бейнесабақтар. Күн сайын сабақ басталар алдында оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау мақсатында сынып жетекшісінің Web-конференциясы өткізеді. Бұл платформаны пайдалану үшін Zoom қосымшаларын алдын ала компьютерге немесе телефонға интернет арқылы орнату қажет.
 2. Kundelik.kz электрондық жүйесі арқылы тапсырмалар мен Оқу материалдарын, ұсынылатын кері байланысты (мұғалімдердің түсініктемелері мен ұсыныстары , ата - аналарды жаңалықтармен ақпараттандыру, үй тапсырмасын беру және оны онлайн-тексеру) жүзеге асырылатын болады.
Кundelik.kz платформасындағы тапсырмаларды орындауға оқулықтар мен дәптерді пайдалана отырып, үйдегі балалар бір-біріне кедергі келтірмей, тапсырмаларды орындай алады. Орындалған тапсырмаларды өз телефонынан немесе отбасы мүшелерінің телефонынан жолдай алады.
3.Сынып оқушылары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері  WhatsApp арқылы чат ашып,  топтық чатт WhatsAppта күнделікті бекітілген кесте бойынша мұғалімдер өздерінің бейне сабақтарына сілтеме жасайды. Оқушылар сілтеме бойынша өтіп, Zoom платформасы бойынша видесабаққа қатысады. Оқушылар орындалған тапсырмаларды Kundelik Kz-тен басқа Watsapp чаты арқылы мұғалімге қайта жібере алады.
4. ТВ-сабақтар. Негізгі пәндер бойынша сабақтар бүкіл ел үшін бірыңғай кесте бойынша сағат 9.00 - ден 15.00 - ге дейін республикалық теледидарда: қазақ тіліндегі сабақтар - "Балапан" телеарнасында, орыс тіліндегі сабақтар - "Ел-Арна"телеарнасында көрсетіледі. Сабақтар 1-11 сыныпқа дейін  бірінен кейін жүргізіледі. Қашықтықтан оқыту
технологияларының негізгі ерекшелігі-оқушылардың өздігінен ізденуіне мүмкіндік береді. Әрине, алдымен қиын және түсініксіз болады, бірақ біз бір-бірімізді қолдап, көмектесеміз. Мұғалімдерге сабақ дайындау, тапсырмаларды тексеру, оқушылар мен ата-аналарға кері байланыс жасау үшін көп уақыт қажет. Құрметті ата-аналар мен оқушылар, барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды маған жекеме хабарласып немесе хабарлама арқылы жібере аласыз және біз оларды бірге шешеміз. Балалар мен жақындарыңызды сақтаңыз. Бәрі жақсы болады. Құрметпен, сіздің сынып жетекшіңіз!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
1

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0