Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Соңғы қоңырау және салтанатты жиынды өткізу тәртібі

Соңғы қоңырау және салтанатты жиынды өткізу тәртібі
 
2019-2020 оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Бұл ретте білім беру мекемелерінде соңғы қоңырау салтанатты жиынын өткізу тәртібі өзгеріп отыр. Мәселен, 1-10 сыныптар үшін мектеппен қоштасу рәсімі онлайн форматында, сынып сағаты сипатында өткізілетін болады. Осыған сәйкес 2020 жылғы 23 мамыр күні ZOOM платформасында арнайы жиын өтті. Мектептің ата-аналар комитеті мүшелерінің қатысуымен өткен жиында Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия директоры К. Баяхметбаева соңғы қоңырау және салтанатты жиын өткізу тәртібі туралы түсіндіріп өтті.
2020 жылғы 25 мамыр күні 1-10 сынып жетекшілері өз сыныптарымен ZOOM платформасында сынып сағатын ұйымдастырып, оқу жылын қорытындылайтын болады. Мектеп директоры комитет мүшелеріне бұл шаралар COVID-19 індетінің таралып кетпеуін қадағалау мақсатында, осыған орай ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екендігін атап өтті.
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0