Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

2019-2020 оқу жылы

Кустаубаева Зияда Сеитқалиқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

2019-2020 оқу жылы да аяқталды. Осы оқу жылының соңғы тоқсаны мектебіміздің ұстаздары, әкімшілігі, оқушылары, ата- аналары үшін оңай болған жоқ. Өйткені еліміздегі төтенше жағдайға байланысты төртінші тоқсанның сабағы онлайн және қашықтан өтетін болды. Бұл – еліміздің білім беру жүйесі үшін үлкен сын болды, өйткені жаңа форматта жұмыс істеу ұстаздар үшін де, балалар үшін де оңай шаруа емес. Дегенмен, мектеп ұстаздары өздерінің кәсіби шеберліктері мен тәжірибелерін шыңдай отырып оқытудың жаңа үлгісіне жауапкершілікпен қадам басты.
Алғашқы кезде қобалжу, қорқыныш сезімі болғанымен, уақыт өте келе ұстаздар қауымы бұл сезімді жеңіп, тәжірибе жинақтап, қашықтықтан оқыту жүйесіне төселіп қалды.
Осындай қиын кезеңге қарамастан, ұстаздар ұжымы жағдайға бейімделіп, өз міндетін лайықты атқаруды жалғастыруда. Сынып жетекшілері өз шеберліктерімен, ізденімпаздықтарымен түрлі мерекелік іс-шараларға атсалысып, мектеп бағдарламасына сай жоспарланған мерекелік шараларға қатысып, тәрбие жұмысын білім беру ісімен қатар алып келе жатыр. «Біз біргеміз, біз үйдеміз» тақырыбында челлендж,  1-мамыр, 7-мамыр, 9-мамыр мерекелеріне  орай  түрлі видеороликтер дайындауда мектебіміздің оқушылары заманауи техниканы меңгергендіктерін көрсете білді.
Қашықтықтан оқыту жүйесі барысында мектеп оқушылары өздерінің  киелі білім ордасын, ұстаздарын сағынғандығын айтып, жылы лебіздерін қашықтан білдіруде. Яғни, ұстаз атты қауымның қадірінің артқаны ғой.
    Мектебіміздегі 3 мыңнан астам оқушының тиісті білім алуын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Мектебіміздегі ұстаздар қауымының осындай қиын кезеңде ауызбіршілігін сақтап, жұмысын ұйымдастырып, ата-аналарға бағыт-бағдар беріп отырған мектеп әкімшілігінің де еңбегі зор.
   Ұжым болып еңбек етсек, «жұмыла көтерген-жүк жеңіл» демекші, жақсы нәтиже көрсететіндігіміз сөзсіз.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0