Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Лицей күні

Бүгін, 24 мамыр күні А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде  «Менің елім-менің болашағым» атты лицей күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға оқушылар, ұстаздар және ата-аналар қатысты. Мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Садыкова Зауре Жақанқызы алғы сөз сөйлеп, лицей күні мерекесімен құттықтады. Жоспарға сай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Ашық алаңда алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Есжанов Жаксыбай Ехсанұлы 10 сынып оқушыларының қатысуымен Лицей кубогі үшін әскери эстафета өткізді. Пәндік кабинеттерде қызықты ойындар мен тәжірибелер жасалды. Химия, физика, биология кабинетінде виртуалды зертханалар жасалып, оқушылар қызықты тәжірибелерді сынақтан өткізді. Математикалық сайыстар мен логикалық тапсырмалар құрастырылған алаңдар жұмыс жасады. Оқушылар белсенді қатысып, білімін сынады. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы ретінде білім мен өнер байқауының  жеңімпаздарын марапаттауға арналған «Жұлдыздар жарқырайды» тақырыбында  үздік нәтиже көрсеткен оқушылардың жұлдызды шеруі өтті. 400 -ге жуық оқушылар марапатталды. Мерекелік іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.





 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
1

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0