Мектеп мақтанышы

30.04.2014

Мектеп мақтанышы
Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен №66 мектеп - лицейінде өткізілген V қалалық «Сендер менің бақытымның бұлағы...» атты Т.Айбергеновтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, мектебіміздің намысын қорғаған 9 «А» сынып оқушысы Біләлов Ернұр жүлделі І орынды жеңіп алды. Ернұрдың әдебиетке деген сүйіспеншілігі өте жоғары, ақынның шығармасымен терең таныса отырып, елуге жуық өлеңдерін жатқа біледі. Осы сайыста ақын өлеңдерінің мәнері мен мағынасын нақышына келтіріп, өзіндік дауыс ырғағымен тыңдаушылардың қошеметіне бөленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Уразбаева Жамиля Малибекқызы. 


 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено