Ұлттық ойындар
17.03.2015Наурыз мерекесі қарсанында 14 наурыз күні №65 мектеп-гимназиясында «Ұлттық ойындар» атты 5 сыныптар арасында жарыс өткізілді. Бұл жарыстың басты мақсаты – оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа, ұлттық ойындарды ойнай білуге үйрету. Ойындарды өткізу жауапкершілігі
А. Камзин денешынықтыру пәнінің мұғаліміне жүктелді. Балалар жарысқа белсенді қатысып, ұлттық ойындарды жақсы білетіндері анықталды. Жарысқа 7 команда қатысып, екі команда алғырлықты танытты. Барлығы 70 оқушы қатысты, ал басқа оқушылар жарысты тамашалап, жан күйер бола білді.
Алғырлық танытқан командалар мадақтамалармен мараппатталды.
Community discussions
Обсуждений не найдено