Астана – есірткісіз қала!

20.10.2015

«Астана- есірткісіз  қала» бағдарламасы бойынша 5-9 сыныптар  арасында оқушыларды зиянды әдеттерден қорғау,  алдын-алу шараларын ұйымдастыру мақсатында қыркүйек, қазан  айларында тәрбие сағаттары, әртүрлі тақырыпта  байқаулар өткізілді. 10«ә» сыныбында   жетекшісі: Смагулова Н.Б«Біз өмірді таңдаймыз!»  тақырыбында  тәрбие сағаты  өтті.Тәрбие сағатында бүгінгі күннің өзекті мәселелері қозғалды.

Оқушылар  темекінің ,алкогольдің,нашақорлықтың зияны туралы мәліметтер айтып, нашақорлыққа  байланысты   бейнефильмдер  көрді. Ал  9-шы сыныптар бойынша  «Нашаға қарсы  күрес-Еліңе   қосқан  үлес!»  тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.

Мақсаты  есірткі   түрлерімен, нашақорлық  жайлы  есірткінің зияны  туралы  айтып,олардың алдын алу  болды. Бейнефильмдер  көрсетілді.

8-11 сынып оқушылары  көптеген  деректер келтірді.

  Мектеп бойынша есірткіге  қарсы «Ерікті»  сурет  байқауы  өтіп, жеңімпаздар  марапатталды. « Астана-есірткісіз қала» бағдарламасы    бойынша  өткізілген  тәрбие  сағаттарының  ең басты мақсаты салауатты өмір салтын  қалыптастыру  болды. Астана  қаласында  нашақорлықтың  кең етек

алуы туралы  да  айтылды. Нашақорларды  ертерек  анықтау  мақсатында тест  жұмыстары  10-11сыныптарда   алынды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено